Live
Алматының Жетісу ауданында өнеркәсіп өндірісі 8,5%-ға өсті
5 Қараша, 2026
Жетісу ауданында биылғы он айда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 8,5%-ға өсіп, 324 млрд теңгеге жетті. Құрылыс саласы мен кәсіпкерлікте де ілгерілеу байқалады. Аудан жаңа өндірістік алаңдар құрып, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейтіп, шағын және орта бизнесті дамытып жатыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында аудан әкімі Құрасбек Сәдібеков осы бағыттағы қолға алған жұмысы туралы баяндады.
Ауданда қазір 54 ірі өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді. Өндірістік әлеуетті одан әрі арттыру үшін жалпы ауданы 45 мың шаршы метрден асатын төрт шағын индустриялық парк салынып жатыр. Сонымен қатар «Келет» пен «Айсмастер» кәсіпорнын кеңейту жобасы жүзеге аса бастады.
Құрылыс саласында да өсім байқалады. Есепті кезеңде құрылыс жұмысының көлемі 32%-ға артып, 60,5 млрд теңгені құрады. Жыл басынан бері ауданда 151,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Аудан экономикасында шағын және орта бизнес маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта мұнда 35 мыңнан астам кәсіпкерлік нысаны тіркелген. Он айда салық түсімі 11%-ға өсіп, 290 млрд теңгеге жетті. Бұдан бөлек, шамамен 4 мың жаңа жұмыс орны тағы ашылды.
«Жетісу ауданы – қаладағы үлкен өнеркәсіптік ауданның бірі. Сондықтан бізжұмыс істеп тұрған өндіріс орнын қолдап қана қоймай, жаңа жобаларды жүзеге асырып, кәсіпорындарды кеңейтіп, кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасауға да көбірек көңіл бөлеміз», – дейді Құрасбек Сәдібеков.
Әкім алдағы уақытта да аудан өнеркәсіптік әлеуетті дамытып, инвестициялық жобаны іске асырып, кәсіпкерлікті қолдай беретінін айтты.