Live
Бизнес — экологиялық өзгерістердің серіктесі
29 Қыркүйек, 2026
Экологиялық жобалардың дамуы тек мемлекеттік бастамалар есебінен жүзеге асып жатқан жоқ. Бұл бағытта жеке бизнес пен инвесторлардың қатысуы да маңызды рөл атқарады.
Соның бір мысалы — «Учет» компаниясы. Ол 2016 жылы өз эко-кеңсесін құрған. Компания негізін қалаушы Максим Барышевтің айтуынша, жүзеге асырылған экологиялық шешімнің арқасында он жыл ішінде компания шамамен 1 мың тонна суды үнемдеп, күн панельдері арқылы 100 мың кВт/сағатқа жуық электр энергиясын өндіріп, электрондық құжат айналымының арқасында 3,5 мыңнан астам ағашты сақтап қалған.
Компания ECO Network-пен 2019 жылы ынтымақтастық орнатып, бір жылдан кейін Максим Барышев жобаның алғашқы венчурлік инвесторы болды.
«Біз бұл жолды өзіміз таңдадық, өйткені планетамыздың ресурстары шектеулі екенін түсіндік және жағдайды бізден басқа ешкім түзете алмайды. 2019 жылы Евгениймен таныстық. 15 минут сөйлескеннен кейін-ақ компаниямыздың “Жасыл кеңсе” бағдарламасына қосылатынын шештік, ал 2020 жылы мен ECO Network-тің алғашқы венчурлік инвесторы болдым», — деді Максим Барышев.
Жобаның тағы бір инвесторы — MOST бизнес-инкубаторының директорлар кеңесінің төрағасы Асхат Сағдиев. Оның айтуынша, Қазақстан үшін impact-инвестициялау бағыты әзірге салыстырмалы түрде жаңа.
«Евгений мен оның командасының осындай күрделі нарықта әлеуеті бар табысты жобаны өсіре алғанына қатты таңғалдым. Қысқа уақыт ішінде жоба шынымен дами алатынын және ең бастысы, маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуді жалғастырып жатқанын көрсетті», — деді Асхат Сағдиев.
Оның пікірінше, осындай жобалардың дамуы Қазақстанға әлеуметтік маңызы бар бағыттарға қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.