Алматыда бокстан қала чемпионаты өтеді

4 Қыркүйек, 2026

Алматыда 6–14 қыркүйек аралығында жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында бокстан қала чемпионаты өтеді.

Жарысқа Алматыдағы спорт мектептері мен клубтардың тәрбиеленушілері қатысады. Чемпионат қорытындысы бойынша тиісті жас санаттарында қаланың құрама командасына кіретін үздік спортшылар анықталады.

2011–2012 жылдары туған жасөспірімдер арасында:
6 қыркүйек, сағат 12:00 – ашылу салтанаты;
10 қыркүйек, сағат 12:00 – финалдық жекпе-жектер.

2009–2010 жылдары туған жастар және ересектер арасында:
11 қыркүйек, сағат 12:00 – ашылу салтанаты;
14 қыркүйек, сағат 12:00 – финалдық жекпе-жектер.

Чемпионат Алматы қаласы әкімдігі мен Алматы бокс федерациясының қолдауымен өткізіледі.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін чемпионатты ақпараттық тұрғыда қолдауға шақырамыз.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Ақсай-1 шағынауданы, 10-үй, Жоғары спорт шеберлігі мектебі.

Аккредиттеу бойынша байланыс:

Тел.: +7 707 240 7744 Анар

Бөлісу: