Live
Алматыда 50 жастан асқан өнерпаздар арасында «Алматыны аяла!»атты қалалық байқау басталды
3 Қыркүйек, 2026
Алматы әкімдігінің Мәдениет басқармасының қолдауымен 50 жастан асқан әуесқой өнерпаздар арасында «Алматыны аяла!» атты қалалық өнер байқауы өтеді. Байқаудың мақсаты – аға буын өкілдерінің шығармашылық әлеуетін қолдау, өнерін насихаттау мен олардың қаланың қоғамдық-мәдени өміріне белсене араласуына мүмкіндік жасау.
Жоба аясында қатысушылар ән, күй және би өнеріндегі шеберлігін танытып қана қоймай, шығармашылық тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады. Байқауға Алматы қаласында тұратын 50 жастан асқан әуесқой өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар қатыса алады.
Қатысушылар үш бағыт бойынша өнер көрсетеді:
- Ән (вокал) – эстрадалық, халықтық және академиялық вокал. Байқауға жеке орындаушылар, дуэттер, триолар және шағын шығармашылық топтар қатыса алады.
- Күй (аспаптық өнер) – жеке орындаушылар мен аспаптық ансамбльдер. Домбыра және өзге де музыкалық аспаптарда орындалатын шығармалар қабылданады.
- Би (хореография) – халық биі, қазақ биі, халықтық-стильденген және заманауи би бағыттары.
Әр қатысушы немесе шығармашылық ұжым байқауға бір өнер нөмірін ұсынады. Орындау ұзақтығы 5 минуттан аспауы тиіс. Қажет болған жағдайда сахналық уақыт техникалық мүмкіндіктерге байланысты ұйымдастырушылар тарапынан нақтылануы мүмкін.
Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең 3-15 қыркүйек аралығында Алматы қаласының 8 ауданында өтеді. Аудандық кезеңде қатысушылар белгіленген талаптарға сәйкес өнер көрсетеді. Әр ауданның мәдениет бөлімдері іріктеу кезеңін ұйымдастырып, жеңімпаздарды байқаудың финалдық кезеңіне жолдайды.
Екінші кезеңге аудандық іріктеу турларының жеңімпаздары қатысады. Екінші кезең 2026 жылдың 18 қыркүйек күні «Алатау» дәстүрлі өнер театры сахнасында өтеді.
Жүлде қоры:
- I орын – 1 жеңімпазға 3 млн теңге;
- II орын – 1 жеңімпазға 2 млн теңге;
- III орын – 1 жеңімпазға 1 млн теңге;
- Ынталандыру сыйлықтары – 5 жеңімпазға 300 мың теңгеден.
«Алматыны аяла!» байқауы аға буын өкілдерінің шығармашылық белсенділігін арттыруға, олардың өнердегі мол тәжірибесін кейінгі ұрпаққа жеткізуге бағытталған. Жоба арқылы халық шығармашылығын дәріптеу, ұлттық және мәдени дәстүрлерді сақтау, сондай-ақ оларды заманауи сахна талаптарымен ұштастыру көзделеді.
Байқауға қатысу талаптары мен Ережесімен төмендегі сілтеме арқылы танысуға болады:
Байқаудың өту ережесі (қазақ тілінде)
БАЙҚАУ КООРДИНАТОРЛАРЫ
Басты координаторлар:
Нәсіпжан Басшыбай: +7 701 367 04 27
Инара Аубакирова: +7 707 365 91 39
Аудан координаторлары:
Бостандық ауданы:
+7 707 049 03 03
Медеу ауданы:
+7 747 326 57 36
+7 702 641 07 04
kultura.medeu@mail.ru
Жетісу ауданы:
+7 747 259 30 08
Түрксіб ауданы:
+7 775 216 55 45
kultura_turksib@mail.ru
Әуезов ауданы:
+7 778 286 88 82
turatauova.ayzhan@mail.ru
Алмалы ауданы:
+7 700 741 45 19
culture.almaly@gmail.com
Алатау ауданы:
+7 708 177 17 40
aniyataidosuly@gmail.com
Наурызбай ауданы:
+7 776 190 21 12
shakhkarim04@inbox.ru