Live
«Қасбеттен қасбетке дейін» – бұл ғимараттардың сыртқы келбетін жаңарту бағдарламасы ғана емес, Алматыны кешенді дамытуға бағытталған ауқымды тәсілдің бір бөлігі.
7 Шілде, 2026
QALA VISION бағдарламасының жаңа шығарылымында «Алматыгенплан» ғылыми-зерттеу институтының басшысы Асхат Сәдуовпен бірге қаланың бүгінгі өзгерісі мен 2040 жылға дейінгі даму келбеті туралы әңгімелесеміз. Ғимараттардың қасбеті мен қоғамдық кеңістікті жаңғырту, Бас жоспарды іске асыру, сондай-ақ қалалық ортаның сапасын арттыруға бағытталған қала құрылысы тәсілдері – полицентрлік даму моделі мен 15 минуттық қала қағидаты талқыланады.
Сонымен қатар тұрғындарға қолайлы 5–7 қабатты құрылысқа қайта оралу, дәстүрлі қала құрылысы қағидаттары, метро, BRT, LRT мен осы заманғы трамвай желісін дамыту, Алматы агломерациясының бірыңғай көлік жүйесін қалыптастыру мәселесі де назардан тыс қалған жоқ.
Қандай шешімдер бүгінде жүзеге асырылып жатыр, қай бастамалар әлі іске асыру кезеңінде және олардың Алматыны өмір сүруге қолайлы қалаға айналдыруға қаншалықты ықпал ететіні туралы осы шығарылымда сөз болады.