Live
Актриса Лидия Кәденова референдумға қатысты: «Еліміздің болашағы үшін дауыс бердім»
15 Наурыз, 2026
Алматы қаласында ҚР еңбек сіңірген артисі, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, танымал актриса Лидия Кәденова өзінің азаматтық міндетін орындап, жалпыхалықтық референдумға қатысқанын жариялады.
Референдумға қатысу — әр азамат үшін еліміздің болашағына өз үлесін қосу, жауапкершілік таныту мүмкіндігі. Лидия Кәденова өз сөзінде: «Еліміздің болашағы үшін өз дауысымды бердім. Құтты болып, ұзағынан болсын деп тілейміз. Еліміздің, жеріміздің болашағы мықты болып, тек тыныштық болсын. Баршаңызға амандық, табыс тілеймін. Бар болайық, аман болайық», — деп атап өтті.
Ол еліміздің болашағы үшін әрбір адам маңызды таңдау жасап, елдің дамуына ықпал ететінін айтты.
Ақырында актриса елімізде бейбітшілік, тыныштық пен тұрақтылық болуын тілеп, әр азаматтың таңдау жасаудағы рөлін маңыздылығын атап өтті. «Елімізде бейбітшілік пен келісім болсын, қоғамымызда әркімнің өз пікірін білдіруіне мүмкіндік жасалсын. Әр адам өзінің азаматтық міндетін атқару арқылы елдің болашағына үлесін қосады», — деп түйіндеді Лидия Кәденова.