Live
Медеу ауданындағы №366 учаскеде Абай Құнанбаев дауыс берді
15 Наурыз, 2026
Алматы қаласының Медеу ауданында республикалық референдумға есімі ерекше әрі символдық мәнге ие тұрғын — Абай Құнанбаев қатысты. Ол №366 референдум учаскесінде дауыс берді.
Сайлаушының айтуынша, бұл есімді оған әкесі қойған. Атасының аты Құнанбай болған, ал ұлы қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлының құрметіне оған Абай есімі қойылған.
Ол дауыс беруге қатысу азаматтық ұстанымды білдіріп, елдің болашағына үлес қосудың маңызды мүмкіндігі екенін атап өтті.
Айта кетейік, Медеу ауданында дауыс беру белсенді өтті – әртүрлі жастағы тұрғындар учаскелерге келіп, таңдау жасады.