Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

23 Қаңтар, 2026

2026 жылғы 26 қаңтар күні сағат 13:30-да Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматының «Қайрат» футзал клубы мен Испанияның «Картахена» клубы арасындағы футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының алдағы ойынына арналған баспасөз конференциясы өтеді.

Спикерлер онда алғашқы үй матчына дайындық барысы, испан командасымен өтетін ойынға қойылған стратегиялық міндеттер мен жанкүйерлердің рөлін, сондай-ақ кездесудің қазақстандық футзал үшін қандай маңызы барын  айтып бермек.

Еске сала кетсек, Алматының «Қайрат» футзал клубы — Қазақстанның қазіргі чемпионы. Сонымен қатар, тура алты ай бұрын футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасында күміс жүлдені иеленген. Алғашқы ойын Алматыда, қарымтасы Испанияда өткен болатын.

Спикерлер:
▫️ Густаво Парадеда — «Қайрат футзал» клубының спорт директоры, «Қайрат футзал» мен Ресей құрамасының бұрынғы ойыншысы, 2013 жылғы әлемнің үздік қақпашысы
▫️ Оразов Біржан — «Қайрат футзал» клубы мен Қазақстан құрамасының капитаны, 2022 жылғы Еуропа чемпионатының үздік сұрмергені
▫️ Жомарт Тоқаев — «Қайрат футзал» клубы мен Қазақстан құрамасының ойыншысы

Тіркелуге өтініш пен сұрақтарыңызды 23 қаңтар күні, сағат 20:00-ге дейін «Брифинги РСК Алматы» WhatsApp-чатына жолдағаныңыз жөн.

Тікелей эфир — Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ресми YouTube-арнасында.

Бөлісу: