Live
Алматыда Recycle Birge ашық экологиялық іс-шарасы өтеді
23 Қаңтар, 2026
2026 жылы 25 қаңтарда Алматы қаласында Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында экологиялық Recycle Birge қозғалысы (Greenup.kz қоғамдық қоры) ұйымдастыратын ауқымды ашық экологиялық іс-шара өтеді.
Іс-шара экологиялық қозғалыстың атқарған жұмыс қорытындысын шығаруға, сондай-ақ қалдықты бөлек жинау мен саналы тұтыну бағытындағы бастамаларды одан әрі дамытуға арналады.
Қонақтарды интерактивті аймақ, экологиялық белсенділік, сондай-ақ қауымдастық ұйымдастырушылары мен қатысушыларымен мазмұнды әрі қызықты диалог күтеді.
Жоба серіктестердің қатысуымен және қолдауымен жүзеге асып отыр. Олардың қатарында «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ, Бостандық ауданының әкімдігі, салалық қызметтер мен ІТ-қоғамдастық бар. Бұл Мемлекет басшысы айқындаған таза, қауіпсіз, қуатты, әділетті және озық Қазақстанды құру жөніндегі стратегиялық бағдарларға толық сәйкес келеді.
2025 жылы Recycle Birge қозғалысы Алматыда шикізатты жинау және заттарды қайта пайдалану бағытында тоғыз экологиялық акция өткізді. Әрбір акция аясында 5 тоннаға дейін қайта өңделетін қалдық, сондай-ақ 2 тоннадан астам қайта пайдалануға жарамды зат жиналады. Іс-шараларға 1,5 мыңнан астам адам қатысты. Сонымен қатар қозғалыс қалалық экологиялық бағдарламаларды іске асыруға белсенді атсалысып келеді. Бұл бағдарламалар аясында Алматыда жыл сайын шамамен 100 арнайы экоакция ұйымдастырылады.
Күні: 2026 жылы 25 қаңтар
Уақыты: 12:00-15:00
Өтетін орны: Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы
БАҚ үшін байланыс:
Әлия Сәлменова — +7 778 080 30 01
Камила Әкімбекова — +7 701 799 80 82
Айгүл Мүслімова — +7 777 249 91 31