Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

12 Желтоқсан, 2025

2025 жылғы 15 желтоқсан күні Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар баспасөз конференциялары өтеді:

Сағат 10:00-де – «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу туралы» тақырыбында.

Спикер:

Шонжанова Жанна Тұрсынханқызы - Алматы қаласы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының ювеналды полиция бөлімінің басшысы;

Сағат 11:00-де – «Пиротехниканы қолданған кездегі қауіпсіздік туралы» тақырыбында 

Спикерлер:

Қасенов Р.А. – Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының жетекші маманы;

Дулат Жандар Елдосұлы – Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері;

Сағат 12:00-де – «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Алматыдағы бөлімшесінің биылғы жұмыс қорытындысы» тақырыбында.

Спикерлер:

Әліпов Мәулен Тоқтарбайұлы – Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Алматы қалалық филиалының директоры;

Бейісбеков Айдар – Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Алматы қалалық филиалының бөлім басшысы;

📌 Аккредитацияға өтінімдер мен сұрақтарды 12 желтоқсан, сағат 16:00-ге дейін «Брифинги РСК Алматы» WhatsApp чатына жолдауыңызды сұраймыз.

🔴 Тікелей көрсетілім: Өңірлік коммуникациялар қызметінің YouTube арнасында
Сілтеме: www.youtube.com/@rskalmaty

Бөлісу: