Жол ережесінде алматылықтарды қандай өзгеріс күтіп тұр

12 Желтоқсан, 2025

Алматыда жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейтін кешенді іс-шаралар қолға алынды: 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін электрсамокатты пайдалануға толық тыйым салынып, операторларға көлікті көшеден алып тастау міндеттелді. Сонымен қатар полиция жүргізушілерден бастап жаяу жүргіншілер мен көліктің балама түрімен жүретіндерге дейін барлығына бақылауды күшейтпек. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Тимур Серікұлы хабарлады.

Оның айтуынша, қалада электрсамокат, мопед пен электрвелосипедке отырғандар көбейгендіктен жүйелі түрде бақылап, уақытылы оқыс оқиғаның алдын алып отыруға тура келеді. Биыл да жол ережесін бұзғандардың көбі  жүргізушілердің өзі болыпты: бейнекамера арқылы шамамен 4 млн құқықбұзушылық тіркелсе, тағы 567 965 жағдайды патрульдік қызмет анықтаған. Оның 518 355-ін жүргізушілер, 49 610-ын жаяу жүргіншілер, 17 154-ін электрсамокат пен 623-ін электрвелосипед мінгендер жасаған.

Полицияның айтуынша, қысқы маусымда электросамокаттардың жұмысын тоқтату жарақат алу қаупін айтарлықтай төмендетіп, қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз етпек. Көліктің балама түрін пайдаланатындарға арналған қосымша профилактикалық іс-шаралар жол жағдайына жасалған талдау негізінде жаңа маусымның басында анықталатын болады.

Әл-Фараби, Сейфуллин мен Төле би сияқты адам көп жүретін көшеде жылдамдықты арттырғаны үшін жауапкершілікті күшейту жағы әзірге қарастырыла қойған жоқ. Бірақ дәл осы ұзын әрі жүктемесі жоғары көшеде жол апаты жиі тіркеледі. Ондай жерлерге полиция қосымша камера қойып, сақшыларды күшейтіп, ЖКО себептерін уақытылы талдап отырады.

Жасөспірімдерге де көп көңіл бөлінген, себебі олар самокат пен велосипедті жиі пайдаланады. Мектепте семинар, тренингтер, жол қозғалысы ережесі бойынша сабақ өткізіледі, ЮИД сыныптары жұмыс істейді, онда балаларға жолда қалай жүріп-тұру к

Алматыда жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейтін кешенді іс-шаралар қолға алынды: 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін электрсамокатты пайдалануға толық тыйым салынып, операторларға көлікті көшеден алып тастау міндеттелді. Сонымен қатар полиция жүргізушілерден бастап жаяу жүргіншілер мен көліктің балама түрімен жүретіндерге дейін барлығына бақылауды күшейтпек. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Тимур Серікұлы хабарлады.

Оның айтуынша, қалада электрсамокат, мопед пен электрвелосипедке отырғандар көбейгендіктен жүйелі түрде бақылап, уақытылы оқыс оқиғаның алдын алып отыруға тура келеді. Биыл да жол ережесін бұзғандардың көбі  жүргізушілердің өзі болыпты: бейнекамера арқылы шамамен 4 млн құқықбұзушылық тіркелсе, тағы 567 965 жағдайды патрульдік қызмет анықтаған. Оның 518 355-ін жүргізушілер, 49 610-ын жаяу жүргіншілер, 17 154-ін электрсамокат пен 623-ін электрвелосипед мінгендер жасаған.

Полицияның айтуынша, қысқы маусымда электросамокаттардың жұмысын тоқтату жарақат алу қаупін айтарлықтай төмендетіп, қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз етпек. Көліктің балама түрін пайдаланатындарға арналған қосымша профилактикалық іс-шаралар жол жағдайына жасалған талдау негізінде жаңа маусымның басында анықталатын болады.

Әл-Фараби, Сейфуллин мен Төле би сияқты адам көп жүретін көшеде жылдамдықты арттырғаны үшін жауапкершілікті күшейту жағы әзірге қарастырыла қойған жоқ. Бірақ дәл осы ұзын әрі жүктемесі жоғары көшеде жол апаты жиі тіркеледі. Ондай жерлерге полиция қосымша камера қойып, сақшыларды күшейтіп, ЖКО себептерін уақытылы талдап отырады.

Жасөспірімдерге де көп көңіл бөлінген, себебі олар самокат пен велосипедті жиі пайдаланады. Мектепте семинар, тренингтер, жол қозғалысы ережесі бойынша сабақ өткізіледі, ЮИД сыныптары жұмыс істейді, онда балаларға жолда қалай жүріп-тұру керектігін үйретеді. Бұл жұмыс жыл бойы жалғасып, балалардың жарақат алуын азайтуға кәдімгідей көмегі тиіп жатыр.

Алматылықтар да тәртіп сақтауға белсенді атсалыса бастады: күн сайын 102 қызметіне шамамен 300 өтініш, мобильді қосымша арқылы тағы 100 шақты хабарлама түседі. Көбіне тұрғындар көлікті дұрыс қаңтармай, мас күйде рөлге отырып, қарсы бағытқа шығып, қызылға өтіп кеткендерді хабарлап айтады. Әр хабарламаны жақын маңдағы сақшы дереу тексереді.

Полиция жаяу жүргіншілер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу үшін мектептер, базарлар мен сауда орталықтарының маңында кезекшілікті күшейтіп, «Жаяу жүргінші», «Назар аударыңыздар, балалар!» акциясын өткізіп жүр. Қазірге дейін 49 610 жаяу жүргінші жауапқа тартылған.

Суық түскендіктен жүргізушілер 1 желтоқсанға дейін қысқы дөңгелекті ауыстыруы керек. Коммуналдық қызметтер көше мен тротуарларға көктайғақтан қорғайтын қоспа сеуіп, тазалап жатыр. Бұл үшін қалада арнаулы техниканың жеткілікті қоры бар. Осының барлығы қысқы кезеңде жол-көлік оқиғасын азайтып, қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.

еректігін үйретеді. Бұл жұмыс жыл бойы жалғасып, балалардың жарақат алуын азайтуға кәдімгідей көмегі тиіп жатыр.

Бөлісу: