Live
Алматыға жарты жылда 1,1 миллионнан астам турист келді
12 Қыркүйек, 2025
2025 жылдың алғашқы жартысында Алматыға 1,14 миллионнан астам турист келген. Бұл былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 6,5% көп. Қалалық туризм басқармасы осылай деп хабарлады.
Туристердің 323,5 мыңы шетелдік те, 816,5 мыңы ішкі турист.
Әсіресе, Қытайдан келген мейман көп. Алты айда Алматыға 54,1 мың қытайлық азамат аялдаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 33,4% артық. Қытай Үндістаннан кейінгі екінші орынды иеленді (56,2 мың адам). Түркия (17,9 мың), Корея Республикасы (9,7 мың), АҚШ (9,6 мың), БАӘ (6,7 мың) пен Германия (6,5 мың) үздік бестікке кірген.
Халықаралық туристер санының артуына туристік инфрақұрылымды дамыту мен қала қонақтарына арналған замандық сервистерді енгізу ықпал етті. Қалалық туризм басқармасының мәліметінше, Алматы демалыс пен іскерлік туризм үшін тартымды бағыт ретінде позициясын нығайтып, туристік лектің ауқымын кеңейтіп, келушілерге жайлы жағдай жасап отыр.
Айта кетейік, 2025 жылы Алматы CNN нұсқасы бойынша үздік туристік бағыттың қатарына кіріп, Booking.com тізімінде де жылдың трендтегі бағыттардың бірі ретінде танылды.