Live
Үй-ішіме әлемнің кеңдігін көрсеткім келді
10 Қыркүйек, 2025

2013 жылдан бері қыркүйектің әр екінші жексенбісінде Қазақстанда Отбасы күнін атап өтеді. Алғаш рет оны 2009 жылы енгізуді ұсынған. Содан бері бұл күн елімізде отбасыдағы құндылықты дәріптейтін үлкен мерекеге айналды. Қазақстанда тұратын әр үй өзінше бір тарих. Соның бірі – Ашиловтар әулеті.
Ашиловтар әулеті – автокөлікпен жер шарын аралаған алғашқы қазақстандықтар. Олар екі жылдың ішінде 40 мың шақырымды басып өтіп, 16 елде болыпты. Сөйтіп, әлемге қазақтың қонақжай халық екенін танытқан. Өздері де ел көріп, жер көріп, әлемді шарлап шығып, көкжиегің кеңейтіпті.
«Балаларым дүниенің кеңдігін көрсін дедім. Бірақ қай елде жүрсек те, отбасым жанымда болғанда – өзімді үйде жүргендей сезінемін. Бақыттың кілті – бала-шағаңның қасында болғаны ғой»,- дейді Мәдина Ашилова.