Live
Наурызбай ауданындағы 20 көшеге арық тартқалы жатыр
9 Қыркүйек, 2025

Наурызбай ауданындағы арық жүйесін жаңалап жатыр. Қазіргі уақытта аудандағы 348 көшенің 105-інде арық бар, олардың жалпы ұзындығы 108 шақырым болады. Бұл туралы Наурызбай ауданының әкімдігі хабарлады.
Қарқынды өсіп келе жатқан тұрғын аймақтарды ескере отырып, 2026 жылы 31 шілдеге дейін Экология және қоршаған орта басқармасымен бірлесіп, 20 көшеге жаңа арықтар салып, арық арналарынан өтетін 12 жаяу жүргінші мен көлік өткелін қайта жаңғырту жоспарланған. Бұл жұмыстар тасқын қаупін азайтып, жол жабындысын сақтауға, тұрғындарға қауіпсіз әрі жайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
«Ауданымыз қарқынды дамып келеді. Арық жүйесін жетілдіру – әр тұрғынның жайлылығы мен қауіпсіздігіне қосылған үлес», – дейді аудан әкімдігінің өкілдері.
Тұрғындар да өзгерісті қолдап отыр. «Жаңа арықтар салынса, су тез ағып кетеді, көшелер таза болады, аулаларға су жиналмайды. Бұл әсіресе, жаңбырлы маусымда өте маңызды», – деді «Қалқаман» шағынауданының тұрғыны Айман.
Ауданның негізгі бөлігін қамтитын жұмыстар қазір «Қалқаман» шағынауданында қолға алынған.
Жаңа арық салынатын көшелер:
1. Аханов көшесі – 769,8 м
2. Нұрмұхамедов көшесі – 566,7 м
3. Тәжібаев көшесі – 688 м
4. Надыров көшесі – 404,3 м
5. Бегайыл көшесі – 421,1 м
6. Айымбетов көшесі – 723,3 м
7. Рымжанов көшесі – 660,2 м
8. Сланов көшесі – 572,6 м
9. Нұршайықов көшесі – 837,9 м
10. Қыран көшесі – 605,7 м
11. Дихан көшесі – 398,4 м
12. Арман көшесі – 1126,1 м
13. Айболит көшесі – 940,5 м
14. Хрищатый көшесі – 575,1 м
15. Бектембай көшесі – 570,5 м
16. Әкімшілік кешен аумағы – 841,8 м
17. Қыдырбеков көшесі – 869,9 м
18. «Қалқаман-2» көшесі – 311,1 м
19. Берел көшесі (Келімбетов көшесінен бастап) – 1124,5 м
20. Сағдиев көшесі – 612,3 м
Қайта жаңғыртудан өтетін аумақтар:
1. Құндызды к-сі, 20/2 – 35 м
2. Гроза – Жандосов көшелері қиылысы – 20 м
3. Рысқұлов к-сі, 86–86а – 20 м
4. Айтматов көшесі – 60 м
5. Балбырауын көшесі – 30 м
6. Гроза – Жігер көшелері қиылысы – 10 м
7. Бәйтелі батыр көшесі – 200 м
8. Құралай көшесі, 1 – 50 м
9. Жалын көшесі, 1б – 250 м
10. «Тау Самұрық» СО, 2-учаске – 250 м