Түрксіб ауданы жол мен жолдың жиегін жаңартып жатыр

22 Шілде, 2025

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров қатысқан баспасөз конференциясы болып өтті. Онда аудан әкімі жол инфрақұрылымын жақсарту жұмысы туралы, соның ішінде жолды қалай жөндеп, асфальт пен тротуарды қалай жаңартып жатқандарын айтып берді.

2024 жылы аудан бойынша 38 көшенің 39,6 шақырымы жөнделген. Сонымен қатар, 20 000 шаршы метрден астам асфальт жабыны қалпына келтіріліпті. Тұрғын үй құрылысы мен көше желісінің кеңейгенін ескере отырып, 13 жерде 13 шақырым жаңа жол салынып, 200 люк орнатылған.

Қазан айының соңына дейін 35 көшенің 43,8 шақырымы жөнделіп, биыл 27 000 шаршы метрден астам асфальт жабыны қалпына келтірілді. 19 көшеде 3,5 шақырым жаңа жол салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, тағы 200 люк орнатылады, оның 34-ін осы уақытқа дейін орнатып қойған.

2024 жылы аудан бойынша 6 көшеде 11 шақырым тротуар салынып, жөнделген. Биыл да жұмыс жалғасады, 7 көшеде 4 шақырым тротуар салу жоспарланып отыр, оның 2 шақырымы әлден аяқталыпты.

«Сонымен қатар, қазір 4 негізгі көшенің бойында 10 шақырымнан астам техникалық тротуар салынып жатыр. Бұлар тек эстетикалық көрінісін жақсартып қоймай, сонымен бірге көшені тазалау кезінде жасыл-желекті химиялық реагенттерден қорғауға көмектеседі», — деді Бақытжан Ақжаров.

Өз баяндамасында аудан әкімі қоғамдық көлікке қатысты іс-шараларды да атап өтті. Өткен жылы 10 бағыттағы автобус паркі жаңарған, Нұршашқан шағын ауданында №91 бағыт іске қосылды. 2025 жылы тағы 4 бағыт бойынша қызмет көрсету күшейтіліп,  «Мектеп автобусы» жобасын кеңейту жоспарланған, осы жоба бойынша қазірдің өзінде 42 автобус жұмыс істейді.

Қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы 690 бейнебақылау камерасы (240 орын) және 32 «Сергек» кешені (160 камера) орнатылды. Осылайша, қазіргі уақытта аудан бойынша 2028 «СВМ» және «Сергек» камерасы жұмыс істейді, тағы 700 камера орнатылмақ.  

Бөлісу: