Live
Түрксіб ауданы инженерлік желіні жаңалап жатыр
22 Шілде, 2025
Түрксіб ауданында инженерлік желілерді жаңалау — ең өзекті мәселенің бірі болып қала береді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде аудан әкімі Бахытжан Ақжаров осы бағытта қандай жұмыс істеліп жатқанын айтты.
Әкімнің айтуынша, 2024 жылы Шуақты, Әлмерек шағын ауданы мен Закарпатская көшесінде 43 шақырымнан асатын сумен жабдықтайтын желі мен кәріз желісі салынды. Биыл Нижняя Пятилетка шағын ауданында 115 шақырым су құбыры мен 31,9 шақырым кәріз желісінің құрылысы аяқталып қалды. 2025 жылдың соңына дейін 28,4 шақырым су құбыры мен 21,2 шақырым кәріз желілері құрылысы аяқталады.
Сонымен қатар, Тукая - Норильский - Поддубный - Диксон мен Ақан Сері - Сейфуллин - Шолохова көшесінің аумағында 16,1 шақырым су құбыры мен 16,8 шақырым кәріз желісінің құрылысы жүргізіліп жатыр.
«Жалпы, су құбыры мен кәріз желілерін жаңалау жағы кезең-кезеңімен іске асады. Осыған байланысты, Нижняя Пятилетка шағын ауданында екі кәріз сорғы станциясының құрылысы бойынша байқау өткізіліп жатыр», — деп атап өтті Бақытжан Ақжаров.
Сонымен қатар, Рысқұлов - Жансүгіров - Шолохов - Сейфуллин көшесінің аумағында инженерлік желілер салу жобасы бойынша мемлекеттік сараптама алынған, Нұршашқан шағын ауданындағы қамтылмаған учаскелердің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр.
Электр желілерін модернизациялау да аяқталды: Қайрат пен Әлмерек шағын ауданында электр желілері жаңартылды. Қазір АО «АЖК» қалалық желілеріне қосылып жатыр. «Тұздыбастау» подстанциясының құрылысы 31 шілдеге дейін аяқталады, қазір қосымша желілер тартылып жатыр.
Жылумен жабдықтау бойынша өткен жылы 2,1 шақырым жылу желісі жаңартылды, «Вокзал» жылу станциясына 3,4 шақырым су құбыры мен 7,3 шақырым электр желісі тартылды. 2025 жылы тағы 9 жылу станциясын жаңалау мен 8,9 шақырым жылу желісін жаңарту жоспарланып отыр, бұл жұмыстар Наманганская-Монтажная мен Сейфуллин-Котельников көшесін қамтымақ.
Қайрат шағын ауданында газ қысымын тұрақтандыру мақсатында 12,4 шақырым газ желісі жаңартылады, бұл 1300-ден астам жеке үйлер мен көпқабатты үйлерді жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.