Балалар басты назарда: Алматы Балаларды қорғау күнін атап өтіп жатыр

28 Мамыр, 2025

Алматының білім ордалары «ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ» республикалық жобасының аясында, 1 маусымдағы Халықаралық балалар күніне орайластырылған ауқымды іс-шараларды жүзеге асыра бастады.

27 мамыр күні білім ордаларында балалардың дауысын қорғап, медиа-бастамаларды дамытуға арналған, балаларды қазіргі қоғамда белсенді бола түсуге шақыратын «Балалар үні» деген атпен іс-шаралар болып өтті. 

Балаларды белсенді болуға үндеп, сауатты болуға шақыратын қаладағы білім ордаларында өткен шығармашылық пен ағарту бағытындағы іс-шараларға  105 оқушы мен 10 мыңдай ата-аналар келіп қатысты.

 

Мәселен, Наурызбай ауданындағы №208 мектеп-гимназияда балаларды ерте бастан кәсіпке баулуды көздейтін шеберлік сағаты өтті. Әр кәсіп бойынша өткен шеберлік сағатына колледждің студенттері мен оқушылардың ата-аналары қатысқан. 

Наурызбай ауданындағы №174 мектеп-гимназияда «Ұрпақ үні» дейтін медиа-студияның ашық есік күні болып өтті. Оқушылар онда өздерінің бейнесюжеттерін көрсетіп, #МеніңДауысым жобасының аясында мектептегі газеттің кезекті санын жарыққа шығарды.

Түрксіб ауданындағы №59 мектеп-гимназияда «Жастық шақтың оты сөнбесін!» дейтін флешмоб болып өтті. Оған бастауыш пен орта сынып оқушылары қатысып, би билеп, жарысып, ойын ойнап, байқау өткізді. 

Флешмобтың мақсаты — балалардың көңілін көтеріп, шығармашылыққа шабыттандырып, оларды белсенді болуға шақыру. Іс-шара көңілді өтіп, балалар бір-бірімен мәре-сәре болып әңгімелесіп, үлкен әсер алып қайтты.  

Түрксіб ауданындағы №211 мектеп-гимназияда балалардың бейнеүндеуінен тұратын #МеніңДауысым деген челлендж өтті. Балалар онда – бейбітшілік, достық, экология, сүйікті мектебі туралы пікір айтып, өзара ой бөлісті. 

Бұл челлендж «Қазақстан бабалары» республикалық жобасының аясында өткен «Балалар үні» бағытындағы бастаманың бірі. Балалардың бейнеүндеуі әлеуметтік желілерге, мектептің басылымына шығып, балаларға сөз берудің қаншалықты маңызы бар екеніне тағы бір көз жеткізді. 

Бұл бастамаға оқушылар, ата-аналары мен мұғалімдер қызығушылық білдіріп, балалар өзіне сенімдірек  бола түседі деген ойда. 

Іс-шара барлық жастағы оқушыларды қамтып, баланың қабілетін ашуға тырысқан жазғы бағдарламалардың ең көрнектісі болып есте қалды. 

Қазіргі мектеп білім ордасы ғана емес, ол сұқбат жасайтын, келісімге келетін, шығармашылықпен айналысып, баланың тұлғалық қабілетін ұштайтын орта да. Бала – болашақтың капиталы екенін ұмытпауымыз керек.

Бөлісу: