Алматыдағы «Таза Қазақстан»: алматылықтар осы жолы 9 мың тонна қоқыс шығарып, 20 мыңдай ағаш екті.

30 Мамыр, 2025

«Таза Қазақстан» көктемгі жұмысын қорытындылады. 

2025 жылдың көктемі экологияны барынша оңалтуға бағытталған бастамаларымен есте қалды. «Таза Қазақстан» республикалық жобасы қоршаған ортаның тазалығына немқұрайлы қарай алмайтын мемлекеттік органдардың, еріктілердің, студенттер мен оқушылардың, бизнес өкілдері мен қала тұрғындарының басын қосты. Наурыз айынан бері жобаның аясында қаланың барлық ауданын қамтыған 15 іс-шара болып өткен. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Нұржан Бөлекбаев осылай деді.     

Бастамаға қатысқандардың жалпы саны 115 665 адамнан асып түсіп, бірлесіп істеген жұмыстың арқасында  9363,25 тонна қоқыс жиналып, 19 275 ағаш егілді осы жолы. Елде барлығы 26 іс-шара ұйымдастырылып, оның 15-і Алматыда өткен.  2025 жылдың 20 наурызы мен 21 сәуір аралығындағы «TazaLike»   салтанатты іс-шарасының қарсаңында, премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр акциялар өткізудің Жол картасын да бекітті.

15 наурыз бен 29 наурыз аралығында өткен «Таза қала» акциясы  осы маусымның басты жаңалығы болды. Оған – депутаттарды, спортшыларды, әртістерді, жастар ұйымдары мен коммуналдық қызметтерді қосқанда 25 600 – ден астам адам қатысып, 170 техниканың күшімен парктер, аулалар, алаңқайлар мен басқа да қоғамдық орындар тазартылды.  Акция кезінде алма, акация, үйеңкі сияқты 5000-ға жуық әртүрлі ағаштың тұқымы егілді.

 27 наурыз күні өткен, кәсіпкерлер қатысқан «Таза кәсіп – таза аймақ», акциясының ауқымы да одан кем болған жоқ.  Әкімшіліктің қызметкерлері, еріктілер мен жергілікті тұрғындарды қосқанда, оған да 1600 адам қатысып, бәрі бірге бизнес нысандарға іргелес тұрған аумақты  тазартып,  2393, 25 тонна қоқыс шығарыпты. Әсіресе, Жетісу, Медеу мен Алмалы ауданының кәсіпкерлері ерекше көзге түскен. Олар өз нысандарын, соған іргелес жердегі жол жиегін, арықтарды, ғимараттардың маңын ретке келтірді.  

Экология департаментінің экологиялық реттеу бөлімі басшысының міндетін атқаратын Диана Мендулланың айтуынша, 5 сәуір күні «Таза жағалау» экологиялық акция өтіп, жағалаулар да барынша қоқыстан тазартылған.  

 «Медеу» орман шаруашылығының қызметкерлері мен  «ECO Almaty» ЖШС өкілдері Керей-Жәнібек көшесі мен Есентай өзенінің жағалауында сенбілік ұйымдастырды.  Акцияға мемлекеттік орган өкілдері, тұрғындар мен еріктілерден бөлек 120 –дан астам адам қатысып, 5000 тоннадан астам қоқыс жиналды.   

Онда халықтың экология жөніндегі білімін арттыруға көп көңіл бөлінді. Наурыз бен сәуір айында оқу орындарында осыған орай «Табиғат біздің көмегімізге мұқтаж» деп аталатын эко-сағаттар болып өтіп, оған 35 жоғары оқу орнынан  47 530 студент келіп қатысқан. Оқушылар да қалыс қалмай, «Қазақстанның экологиясын жақсартуға қандай үлес қоса аламын» деген тақырыпта өлең шығарып, 22 мектептің оқушылары өзара жарысты. Соңында ең үздік ой айтқан 6 оқушы жеңіп шығып, жеңімпаз атанды.  

Сәуір айында мектеп түлектері қатысқан «Түлектердің ағаш егуі» дейтін экочеллендж де ұйымдастырылды. 216 мектептен оған 12 мыңнан астам адам қатысып,  7285 көшет егілді.  PowerTech EXPO-ның аясында «Қалдықсыз болашақ» атты көрме өтіп, көрмеде қалдықсыз өндіріс пен қайтара өңдеуге арналған 100 жоба көрермендердің назарына ұсынылған. Көрмеге жалпы саны 2000-нан астам адам келіп қатысты.

22 наурыз күні өткен «Жер сағаты» акциясы да назардан тыс қалған жоқ: 43 сауда, ойын-сауық орталығында, 100 кафеде, мейрамханалар мен басқа да нысандарда жарық бір сағатқа өшіріліп, осылайша климаттың өзгеріп жатқанына көңілін аударып, халықты қолда барды үнемдеуге шақырды.  

5 маусымдағы Экологтар күнінің қарасаңында өтетін іс-шаралардың арасындағы «Таза Қазақстан – табиғатқа кім, қалай көмектесе алады»  дейтін ашық акцияны, студенттердің өндіріс пен экологиялық нысандарға жасаған экскурсиясы мен қала аумағы мен жағалауларды тазартуды көздеген «Таза аймақ» жалпыреспубликалық акциясын айырықша атап өтуге болады.  Бұдан бөлек, балалар үйінде экология тақырыбына арнап сурет салудан байқау өткен. Жеңімпаздарды 5 маусым күні салтанатты іс-шарада марапаттамақ.     

13 мамыр күні өткен «Таза ауа – таза қала» акциясына даярлық пен оны өткізу – сонымен көктемгі кезеңді қорытындылады. Оның мақсаты – Алматының  ең күтімі жақсы ықшамауданын, үйлерін, көшелері мен тұрғын үй кешендерін анықтау болды. Қорытындысы мамырдың соңында шықпақ. 

Алматыдағы «Таза Қазақстан» көктемгі акциясы - қала тұрғындары, бизнес өкілдері, білім ордалары мен билік күш біріктірер болса, қаланың экологиясын едәуір жақсартуға болатынын көрсетті.  Бұл ағаш егіп, сенбілікпен шектеліп қалу емес, қала тазалығына жауапты қарап, қоршаған ортаны аялап, жаңа мәдениет қалыптастыруға деген үлкен ұмтылыс. Бұл  -Алматының болашаққа арналған жоспарының басы ғана деді, бас маман.

Бөлісу: