Live
Ерболат Досаевтың соңғы 3 жылдағы Алматыда атқарған жұмыстары
24 Мамыр, 2025

Мемлекет басшысының тапсырмасымен және тікелей қолдауымен Алматының болашақ дамуын айқындайтын 20-дан астам стратегиялық құжат қабылданды. Атап айтқанда, Алматы қаласының 2030 жылға дейінгі даму бағдарламасы, Алматының 2040 жылға дейінгі жаңа Бас жоспары, қаланың көлік каркасының Мастер-планы және т.б. маңызды құжаттар.
Соңғы 3 жылда қаланың бүкіл инженерлік инфраструктурасын ауқымды модернизациялау басталды. 540 км су құбыры және кәріз жүйелері жаңартылды, 75 км жаңа жол салынып, 650 км жол жөнделді.
Өткен үш жылда Алматы экономикасы 20%-дан астамға өсіп, 29 трлн теңгеден асты. Ал Алматы бюджетінің кірісі 2022 жылдың басымен салыстырғанда 2,2 еседен астам өсіп, 2,5 трлн теңгеге жетті.
Біздің басты міндетіміз – алматылықтардың өмір сапасын жақсарту. Бұл ең алдымен әлеуметтік инфраструктураны ауқымды дамыту, мектептер мен балабақшалар салу арқылы жүзеге асырылды. Бұл мәселе Президентіміздің тұрақты бақылауында. Соңғы үш жылдан астам уақытта қаламызда 57 оқу орны салынып, жаңартылды (жалпы саны 2022 жылы 416 білім беру ұйымынан 434-ке жеткізілді). Сонымен қатар, 12 денсаулық сақтау нысаны салынды және жаңғыртылды.
Біздің жұмысымыздың маңызды бағыты Алматы экономикасын әртараптандыру болды. Үш жылдан астам уақыт ішінде 5 трлн теңгеден астам қаражат тартылды, қала экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесі алғаш рет 60%-дан асты, ал Алматыдан ЕАЭО елдеріне дайын өнім экспорты 3есеге өсіп, 2024 жылдың қорытындысы бойынша 2 млрд АҚШ долларынан асты.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын адал атқарып, ел үмітін ақтау мен үшін парыз әрі мәртебе.