Live
Мереке күндері балаларды қайда алып барса болады?
23 Мамыр, 2025
Жазбен бірге жадырайтын, шуақ шашатын маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні де жақындап қалды. 1 маусымнан бастап қалада балалардың көңілін көтеріп, көкжиегін кеңейтетін түрлі іс-шара ұйымдастырылмақ.
🎭 Қуыршақ театры: Сахнадағы сиқыр
Мемлекеттік қуыршақ театры кішкентай көрермендерді ертегілер әлеміне жетелейді.
• 24 мамыр (сенбі): «Күлкілі қонжықтар» — 12:00 және 16:00
• 25 мамыр (жексенбі): «Мамонттың мамасы» — 12:00, «Каштанка» — 16:00
Көрермендерді жайлы орта, сүйікті кейіпкерлер мен таныс хикаялар күтеді.
🐾 Алматы зоопаркі: Хайуанаттар әлеміндегі жаз маусымы
Зоопарк — отбасымен серуендеп, бой жазып қайтуға таптырмас орын. Билет құны — бар болғаны 300 теңге, ал әсерін — ұмытпайсыз ешқашан!
Ерекше жоба — Жазғы зоомектеп:
• Өтініштер 26 мамырға дейін қабылданады
• Қатысушылар шығармашылық байқауларға қатысып, жануарлармен танысып, экология туралы тың ақпарат алады.
📖 Ахмет Байтұрсыновқа қонаққа барамыз
29 мамыр күні сағат 11:00-де Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінде «Ахмет атаның үйіне барғанда…» атты интерактивті экскурсия өтеді.
Балалар ойын арқылы ұлы ағартушы, ақын әрі реформатордың өмірі мен мұрасымен танысады. Алаш ардақтысы туралы қызықты деректер естіп қайтады.
🌿 Бас ботаника бағы: Өсімдіктер арасындағы ертегі
• 25 мамыр — «Қазақстанның жасыл байлығы» атты интерактивті бағдарламада балалар түрлі өсімдіктермен танысып, қызықты сөзжұмбақ шешеді.
• 1 маусым — Жапон бағы мен Солтүстік бөлікте «Ботаникадағы ертегіге бергісіз экскурсия» өтеді. Жаяу экскурсиядан кейін балалар «Нимфея» шеберлік сағатында қағаздан гүл жасайды.
🎪 PRO Цирк: Күмбездің астындағы сиқыр
17 мамыр мен 1 маусым аралығында Алматыда «PRO Цирк» шоуы өтеді.
Көрермендерді күтеді:
• Әуе акробаттары
• Иллюзионистер
• Қолға үйретілген жануарлар
• Клоундар
1 маусымда — Балаларды қорғау күніне орай қайырымдылық кеш өтеді. Оған көпбалалы және аз қамтылған отбасылар, ардагерлер мен зейнеткерлер шақырылып, Ресейден арнайы келген клоун да өнер көрсетеді.
🎨 Барлық ауданда мереке
1 маусымда қалада түрлі ойындар, билер, шоулар мен байқаулар ұйымдастырылады. Балалар жол бетіне сурет салып, мерекелік көңіл-күйге бөленеді.
Мерекенің ең басты бөлігі — Орталық демалыс паркінде өтеді:
• Қазақстандық әншілердің концерті
• Балалар шығармашылық ұжымдарының қойылымдары
• Аниматорлар, шоу-бағдарламалар мен байқаулар