Live
Алматылықтарға жаппай сатылым маусымына ертерек дайындалу және курьерге «кодты» тауарды тексеріп алғаннан кейін ғана айту кеңесі берілді
18 Қараша, 2023

«Ұлттық тұтынушылар лигасы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Светлана Романовская Алматының өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берді. Оның айтуынша, тұтынушыларға ақшаны айтарлықтай үнемдеп, әрі тауар сапасынан опық жемеу үшін жаппай сатылымға дұрыс дайындалуы керектігін айтты.
Біріншіден, Романовская тауарларды несиеге алуға кеңес бермейді, дегенмен тұтынушылар оны сатып алғаннан кейін екі апта ішінде сатып алған заттары сияқты несиеден де бас тартуға әрқашан мүмкіндігі бар.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңның 14-бабы негізінде несиеден бас тартуға болады, тек осы екі апта ішіндегі пайызын төлейді. Егер адамдардың несиеге алған тауары ұнамаса, немесе көңілінен шықпай қалса, осыны естен шығармағандары дұрыс. Екіншіден, адамдар тауарларды қайдан алып жатқанын түсінгені де өте маңызды. Себебі алаяқтық әрекеттер жиі кездеседі. Қазірдің өзінде дайындалып, қажетті зат немесе қызмет қанша тұратынын біліп алу керек. Оның қазір қанша тұратынын және «жеңілдіктер жұмасында» қаншаға сататынын білген жөн», - дейді С. Романовская.
Үшінші фактор – сауда орнындағы барлық тауарды қарап шығу керек деп асығудың қажеті жоқ, алдымен ол заттың қаншалықты қажеті бар-жоғын анықтап алу керек. Сатушы тауар гарантиясын көрсете ме, шағымдануға болатын телефондардың бар-жоғына да назар аудары керек. Егер тауар интернет-дүкендер арқылы сатып алынған болса, курьер оны жеткізген кезде тауарды қарап, тексеріп алғаннан кейін ғана «кодты» аайту керек.
«Тұтынушы тауар белгілерін сақтай отырып, оны ақырын ашып, қарай алады. Егер курьер өзін ол жай ғана жеткізуші және ешқандай тауарға еш қатысы жоңын айта бастаса, сенбеңіз. Егер өнім сізге сәйкес келсе ғана, кодты хабарлаңыз»- дейді сарапшы.