Алматы шағын және орта кәсіпорындар саны бойынша көшбасшы атанды

22 Қыркүйек, 2023

 

ШОБ секторындағы барлық тіркелген компаниялардың 17% - ы Алматыға  тиесілі. Мұндай деректерді рейтингтік  Ranking.kz. агенттігі береді

Агенттік сарапшылары Қазақстандағы шағын және орта кәсіпорындар сегментінің жағдайына талдау жүргізді. 2023 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша елімізде 2,1 млн ШОБ субьектісі  тіркелген, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары небәрі 1,9 млн.

«ҚР-дағы ШОБ субъектілерінің саны бойынша абсолютті көшбасшы республиканың қаржы орталығы және мәдени астанасы, Алматы болып табылады.  ҚР бойынша сектордың барлық тіркелген компанияларының 17% - ы  Алматыға тиесілі: 368,6 мың», - делінген агенттік хабарламасында.

Бөлісу: