Live
Ашаршылық туралы әр өңірдегі адамдардан естіп білдім
12 Қазан, 2026
1980 жылдардың соңында бұл қасірет туралы ашық айту әлі де қауіпті болған кезде жазушы куә болған адамдардың естелігін жинап, Мәскеу мен Алматыдағы мұрағат құжаттарын зерттеп, қазақ халқы тарихындағы ең қайғылы кезеңге қатысты ақиқатты қалпына келтіруге тырысты.
1990 жылы, Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін-ақ, оның «Ұлы жұт шежіресі» атты кітабы жарық көрді. Кітаптың 50 мың даналық таралымы сақтықпен таратылды. Тарихи шындықты айтуға ұмтылғаны үшін Валерий Михайлов тек мансабына ғана емес, жеке бас бостандығына да қауіп төндірді.
Бүтін бір халықтың басына түскен қасірет туралы естелікті қалай сақтап қалуға болады? Жазушының өзі қандай қиындықтарды бастан өткерді? Бүгінгі заманға қандай баға береді?
Өмірлік мұратына айналған кітап, тағдыр, тарих пен қазіргі заман туралы Қазақстанның халық жазушысы Валерий Михайловпен QALA VISION подкастында болған әңгімеден біле аласыздар.
Шығарылымды QALA VISION YouTube арнамыздан көріңіздер!