Қаржы мәселесіндегі қауіпсіздікке бей-жай қарауға болмайды

27 Маусым, 2025

26 маусымда «Заң мен тәртіп» бастамасының аясында Алматы қаласының Медеу ауданының коммьюнити-орталығында Экономикалық тергеп-тексеру департаменті (ЭТД) қызметкерлерінің Думан мен Думан-2 шағын ауданының тұрғындарымен кездесуі болып өтті.

Іс-шараның мақсаты – халықтың қаржыға байланысты сауатын арттырып, құқықбұзушылықтың алдын алу. ЭТД мамандары кездесуге келгендерге қауіпсіздіктің қағидаларын айтып, жеке деректі қалай қорғауға болатынын, сондай-ақ қаржы пирамидалары мен онлайн-алаяқтықты қоса алғанда, алаяқтық жүйені қалай жазбай тануға болатынын түсіндірді.

Тұрғындар талқыланған тақырыптарға қызығушылық білдіріп, үсті-үстіне сұрақ қойып, әркім өз басынан өткенін айтты. Сондықтан күдік тудырар жағдай болғанда құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс істеген абзал.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесу мемлекеттік құрылымдар мен азаматтар арасындағы мәмілені нығайып, құқықтық мәдениетін арттырып, халық мүддесін қорғауда маңызды рөл атқармақ.

Бөлісу: