Live
"Еңбек адамдары": индустриялық аймақ кәсіпорындары Алматы тұрғындарына жұмыс орындарын ұсынады
22 Қараша, 2023
21 қараша күні Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі Индустриялық аймақта орналасқан нысандарға "Еңбек адамы" баспасөз турын ұйымдастырды. БАҚ өкілдері Teplostil ЖШС қасбеттік жылу панелінің өндіріс орнына және "Бижан" ет өңдеу зауытына барды.
Баспасөз туры Мемлекет басшысының өндірістерде, фабрикаларда және зауыттарда жұмыс істейтін еңбек адамдарына ерекше құрмет көрсету туралы тапсырмасы аясында ұйымдастырылды.
Баспасөз туры Teplostil ЖШС өндірісін барып көруден басталды, онда жыл сайын 936 мың шаршы шаршы метр қасбеттік жылу панелі, күшейтілген полистирол көбіктен жасалатын сәндік бұйымдар шығады. Жобаның құны 800 млн теңгені құрайды, кәсіпорында 90 адам еңбек етеді.
Teplostil ЖШС өндіріс жөніндегі директоры және бірлескен иесі Айбар Калимулдиев журналистерге зауытта қасбеттік жылу панелінің үш түрі шығарылатынын хабарлады. Сонымен қатар, пайдаланылатын шикізаттың 80% Қазақстанда өндіріледі. Кәсіпорынның дайын өнімі Ресей, Қырғызстан және Германияға экспортталады.
Биыл кәсіпорында пенопласттың өз өндірісін іске қосты. Мұнда цехтарда шикізат өндірістің бірнеше кезеңдерінен өтеді, дайын пенополистирол соңғы желіде бу астынан блок түрінде шығарылады. Мұндағы бүкіл процесті пенопластты өндіру цехының бастығы Алексей Степаншин бақылайды. Ол бұл өнімнің жылу құралы ретінде үлкен сұранысқа ие екенін атап өтті.
"Бұрын бұл өнім өзге елдерден жеткізілген болса, бүгінде өзіміз шығарамыз. Айта кету керек, пенопласт қасбеттік жылу панелі ретінде сұранысқа ие. Мен бұл кәсіпорында бір жылдан астам жұмыс істеймін. Менде осындай тәжірибе болғандықтан осы цехтың жетекшісі болып тағайындалдым. Бұл жабдықты басқару қиын емес, бәрі логикаға байланысты", - деді ол.
Бетон араластырғыш қондырғының аға операторы Мереке Жұматаев бұрын жол құрылысы саласында жұмыс істеген, кәсіпорынға келіп, барлығын осында үйренгенін айтады. Ол сонымен қатар тәжірибелі тәлімгер - тәжірибеден өтушілер мен жас мамандарды оқытады.
"Мен мұнда екі жылдан бері жұмыс істедім. Кәсіпорында қарапайым жұмысшы ретінде бастадым, екі айдың ішінде үйреніп, бетон-араластырғыш торапта оператор болдым. Зауытта барлық жұмыс процесі автоматтандырылған. Менің міндеттеріме бетонды құюға дайындау, жабдықты пайдалану және бүкіл процесті қадағалау кіреді. Қазір менің өзім үйреткен серіктесім бар. Біздің бөлімде жалпы 15 адам жұмыс істейді", - деп бөлісті ол.
Екінші нысан "Бижан "ЕӨЗ" ЖШС ет өңдеу зауыты болды. Мұнда БАҚ өкілдері ет өнімдерінің қалай жасалатынын көре алды және оның сапасы қалай бақыланатынын және оның қайда сақталатынын білді.
Зауыт жылына 5 мың тонна өнімге есептелген. Ассортимент шұжықтар мен ет өнімдерінің 100 атауымен ғана емес, сонымен қатар жартылай фабрикаттармен де ұсынылған. Кәсіпорынның 250 қызметкері буып-түю және бөлшектеу, жартылай фабрикаттар цехтарына, сүйектер мен етті сіңірден ажырату цехтарына бөлінген.
Кәсіпорынның негізгі өнімі индустриялық аймақ аумағында шығарылады, ал шикізат болса Көкшетау қаласының "Бижан" ет өңдеу кешенінен жеткізіледі.
Зауытта журналистерді өндіріс жөніндегі директор Любовь Глотова қарсы алды. Оның айтуынша, қызметкерлер жұмысқа күн сайын санитарлық аймақ арқылы өтеді, онда олар қолдарын дезинфекциялайды және аяқ киімнің табанын жуады. Дезинфекцияның қатаң ережелері мұнда пандемияға дейін-ақ болған сияқты.
Журналистер үшін өндірістік аймаққа кіру мүмкін болмады (санитарлық нормаларға байланысты), БАҚ өкілдері әр түрлі цехтардың жұмысшыларын арнайы қарау алаңдарынан бақылады. Айта кету керек, зауытта ет өнімдері мен жартылай фабрикаттарды жасаудың барлық процесі автоматтандырылған, тек жартылай фабрикаттардың кейбір түрлерін модельдеу қолмен жүзеге асырылады.
"Егер олар бұрын тұрып, барлық жұмысты қолмен жасаған болса, қазір олар компьютерде отырады, өндірістік есепке алумен, технологиялық тізбекті бақылаумен айналысады. Бірақ бұған қарамастан, көптеген адамдар жұмыс ерекшеліктеріне төтеп бере бермейді - бұл температуралық режим, тұрақты суық және жұмысшыларға әсер ететін физикалық жүктемелер", - деді сапа бөлімінің бастығы Сәуле Таласбекова.
Кәсіпорында көптеген әулет болып еңбек ететіндер бар - зауытта осындай сегіз отбасы бар.
Жаңыл Байреева етті сылып алу мен майлар цехының шебері, осы кәсіпорында ширек ғасырға жуық жұмыс істеді.
"Мен компанияға 1998 жылы келдім. Ол кезде мен ет сіңірін ажыратушы болып жұмыс істедім, біз етті сорттары бойынша сіңірлерін аламыз. Бұл салада мен 21 жыл жұмыс істедім. Менің қол астымда 12 адам жұмыс істейді. Менің қызым технологиялық институтты бітіріп, кәсіпорында технолог болып жұмыс істеуге келді. Біздің отбасымыздың екінші буыны осында жұмыс істейді, династия деп айтуға болады, мұндай отбасылар көп", - деп бөлісті Ж.Байреева.
Жартылай фабрикаттар цехының шебері Нұрбіби Қанатова зауыт құрылған күннен бастап 25 жыл жұмыс істейді. Оның бригадасында 19 адам жұмыс істейді, олардың арасында оның ұлы да бар.
"Мен шұжық жасау мектебін бітірдім және 21 жыл шұжық жасаушы болып жұмыс істедім. Шебердің міндеті-жұмыс процесі мен өнімнің сапасын бақылау. Біз бір айдан екі айға дейін созылатын тренинг өткіземіз", - деді ол.
Айта кетейік, 2023 жылы индустриялық аймақта 369 жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 15 млрд теңгеге 5 жобаны іске қосу жоспарлануда. Индустриялық аймақ құрылғаннан бастап бүгінгі күнге дейін жалпы сомасы 239 млрд теңгеге 65 жоба іске асырылды. Кәсіпорындарда 7788 жұмыс орны құрылды.