Live
Алматының Боралдай шағын ауданындағы жаңа алаңқайды көркейтті
2 Қараша, 2026
Боралдай шағын ауданындағы Азат көшесі, 23-үйдің жанында тұрғындардың демалуына арналған жаңа қоғамдық кеңістік пайда болды.
Сквер «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында көркейтілді. Бұл бағдарлама қала тұрғындарына қалалық ортаны жақсартуға бағытталған жобасын ұсынуға мүмкіндік береді.
Аумақта күрке мен орындық орнатылып, шахмат ойнауға арналған арнаулы аймақ жасақталды. Сондай-ақ көгал төселіп, жасыл аймақ жасалды. Кешкі уақытта жайлы демалу үшін көше жарықтандыру жүйесі қарастырылған.
Биыл күзде мұнда биіктігі 3-4 метр болатын шыршалар егу де жоспарланып отыр.
Енді аудан тұрғындарының таза ауада серуендеп, отбасымен демалып, өзара араласуына тағы бір жайлы орын пайда болды.
Жалпы, 2026 жылы Алматының Алатау ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында көркейту бойынша 43 жоба жүзеге асырылып жатыр.
Бағдарламаға қатысу үшін өтінімді https://budget.open-almaty.kz/ сайты арқылы беруге болады.