АҢДАТПА Алматыда «Оқитын ұлт» чемпионатының үздік жас оқырмандары марапатталады

23 Қазан, 2026

2026 жылы 23 қазанда сағат 10:00-де Алматыда «Оқитын ұлт» жалпыұлттық марафоны аясында қалалық Жастар саясаты басқармасының қолдауымен Skill All жобалық кеңсесі ұйымдастырған кітап оқу чемпионаты жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

Чемпионат жастар арасында кітап оқуды кеңінен насихаттауға, сыни ойлауды дамытуға және пікірін дәлелді түрде жеткізу дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Қатысушылар қазақстандық және шетелдік авторлардың шығармасын оқып, мазмұнын талдап, әлеуметтік желіде бейнерецензия ұсынды.

Байқауға 200-ден астам өтінім түсіп, Instagram желісінде 100-ден астам бейнерецензия жарияланды. Чемпионат қорытындысы бойынша алты жеңімпаз анықталды. Олар жалпы жүлде қоры 400 мың теңге болатын ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Іс-шара Республика күні қарсаңында өтіп, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Оқитын ұлт» қалыптастыру, жастардың зияткерлік әлеуетін дамыту және «Адал азамат» құндылықтарын дәріптеу жөніндегі бастамасын жүзеге асырудың бір бөлігі болмақ.

Марапаттау рәсіміне Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек, Satbayev University ректоры Мейрам Бегентаев, қоғам өкілдері мен қала жастары қатысады.

Күні: 2026 жылы 23 қазан Уақыты: 10:00 Өтетін орны: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Сәтбаев көшесі, 22, Satbayev University.

АККРЕДИТТЕУ МІНДЕТТІ!

БАҚ өкілдерін аккредиттеу: +7 705 705 62 21, Динара Сапақова.

Бөлісу: