Live
Наурызбай ауданы жасыл-желегі ең көп ауданға айналмақ
21 Қараша, 2025
Наурызбай ауданы жасыл-желегі ең көп ауданға айналмақ

Бүгін Тастыбұлақ шағынауданы, Ақжар гүлзарында 100 ағаш — терек пен қарағаш көшеті егілді. Іс-шараға жастар, ардагерлер мен ауданның белсенді тұрғындары қатысты. Ағаштардың бір бөлігі кесілген ағаштың орнына егілген. Бұл жасыл аймақтарды қалпына келтіріп, экологиялық тепе-теңдікті сақтауға бағытталған.
Аудан бойынша ағаш егу жұмыстары 10 қарашадан бері қарқынды жүргізіліп келеді. 2025 жылы жалпы 2 200 ағаш егу жоспарланған: 1 500 — Экология және қоршаған орта басқармасы тапсырысымен, 700 — Наурызбай ауданы әкімдігінің бастамасымен, оның ішінде кесілген ағаштың орнына егу де бар. Бүгінге дейін 600 ағаш егілді. Ірі көшеттер Абай және Алатау даңғылдарында, қалған ағаштар «Алма Сити» тұрғын үйлер кешендері (E1, E3, E4, E5) мен аудан көшелеріне егілді.
«Ауданның көз алдыңда өзгере бастағанын көргеніне қуаныштымын, — деді ардагерлердің бірі. — Мұндай іс-шаралар әрқайсымызға қаламызды көркейтуге үлес қосуға мүмкіндік береді».
Барлық ағашты күтіп-баптау дұмыстары жүргізіледі. Қажет болған жағдайда қураған ағаштардың орнына көшеттер отырғызылады.