Live
Алматыда электроавтобус жүретін жаңа бағыт ашылды
2 Қыркүйек, 2025

№90 бағыттағы автобус Абай даңғылы бойымен К.Медеубеков көшесінен Республика сарайына дейін барады. Бұл Наурызбай ауданындағы Қалқаман мен Шұғыла жақта тұратындардың қала орталығына қатынауын жеңілдетпек.
Бағытта ұзындығы 12 метрлік «Golden Dragon» маркалы электроавтобустар қызмет көрсетеді. Олар дыбыссыз жүріп, салқындатқышпен, бейнебақылау камерасымен, USB-ұяшықтарымен, жүргізушіні қадағалау жүйелерімен және өзге де замандық құралдармен жабдықталған.
Жолаушыларды «Алматыэлектротранс» коммуналдық кәсіпорны тасымалдайды. 25 автобус 4 минут сайын қатынап тұрады. Жаңа бағыт 2 қыркүйектен бастап жұмыс істемек. Алматы қоғамдық көлікті жаңартып, экологиялық ахуалды оңалту жұмысын жалғастырып жатыр.