Live
Алматыда 35 мың адамға арналған жаңа стадион салынады
26 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысының спорт инфрақұрылымы мен бұқаралық спортты дамытуды тапсырғанына байланысты, Алматыда халықаралық деңгейдегі жаңа футбол стадионы салынбақ. Қала әкімі бүгін сол жобамен танысты.
35 мың көрерменге шақталып жасалатын стадион УЕФА-ның 4-санат талаптарына сай болады. Жобада жаттығу базалары, жанкүйерлерге арналған демалыс аймақтары жасалып, осы заманғы қауіпсіздік жүйесін орнатып, іргелес аумақты абаттандыру қарастырылған.
Алматы әкімі жобаны іске асыру қалалық инфрақұрылымды дамытуда маңызды қадам екенін атап өтті. Халқы 2 миллионнан асатын еліміздегі ең үлкен шаһар тұрғындарының, әсіресе жастар мен студенттердің спорт пен салауатты өмір салтына қызығуы күннен-күнге артып отыр. Халықаралық деңгейдегі замандық арена салу – сол үдеден шығу үшін қолға алынған.
«Президенттің тапсырмасы болғандықтан жұмысты жеделдеті, келер жылы құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау керек. Болашақта бұл жерде метро бекеті мен Алматының логистикалық хабын салуды жоспарлап отымыз», – деді қала әкімі Дархан Сатыбалды.
Жаңа стадионды Құлжа тас жолы мен Талғар тас жолының арасында салынбақ. Аумағы шамамен 15 гектар. Бұл жер қаланың маңызды көлік-логистикалық торабына айналып, аренаны қалалық инфрақұрылымға тиімді кіріктіруге мүмкіндік береді. Мұндай шешім көрермендер мен қонақтарға ыңғайлы болуы үшін ірі спорт нысандарын көлік хабтарының маңына орналастыру жөніндегі әлемдік тәжірибеге сай келеді.
Жобаны таныстыру кезінде қала әкімі көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету, автотұрақ орындарын ұйымдастыру және нысанды қалалық ортаға қосу мәселелерін пысықтауды тапсырды. Сондай-ақ, Дархан Сатыбалды 65 жылдан астам бұрын салынған Орталық стадион сақталып, жеңіл атлетика инфрақұрылымы ескеріле отырып жаңғыртылатынын, әрі қарай да Алматыдағы спорт тарихының бір парасы болып қала беретінін айтты.