Алматыдағы демография мен құқықтық көмек қалай өзгерді

31 Шілде, 2025

Әділет департаменті 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысын жариялады. Азаматтық актілердің жалпы саны азайғанына қарамастан, статистика қызықты өзгерістерді көрсетіп, Әділет министрлігінің чат-боты сияқты цифрлық шешімдердің енгізілуі халыққа құқықтық көмектің қолжетімділігін арттырып отыр. Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы Балайым Кесебаева Өңірлік коммуникациялар алаңында демографиялық статистика туралы жан-жақты баяндады.

Алматыда қазір 101 057 азаматтық акт тіркелген, бұл 2024 жылғы осы уақытпен салыстырғанда 39,46%-ға аз (2024 жылы 140 939 акт тіркелген). Соған қарамастан, кейбір категорияда оң өзгеріс бар. Мысалы, туу деңгейі 4,08%-ға өсіп, 25 718 туу актісі тіркелген (2024 жылы 24 667 акт болған). Өлім көрсеткіші керісінше 10,2%-ға төмендеді. Некеге тұру да 3,8%-ға сәл азайған (2025 жылы 9 274 неке, 2024 жылы 9 627 неке), ал ажырасқандардың саны айтарлықтай өсіп, 41,6%-ға көбейген. 2 384 ажырасу актісі тіркеліпті.

Әкімшілік тәжірибе бойынша, 2025 жылы 269 борышкер жауапқа тартылды, 2024 жылы олардың саны 168 болған. Жалпы іс санынан 14 іс мемлекеттік сот орындаушыларының материалы бойынша (2024 жылы – 23), 158 іс жеке сот орындаушыларының материалы бойынша (2024 жылы – 100) түскен. 8 әкімшілік қамау шарасы қолданылып (2024 жылы – 26), 255 әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар 7 қылмыстық іс тіркелді.

Алимент төлеуден қашқандардың саны да едәуір өскен: 209 борышкер жауапқа тартылды, өткен жылы олардың саны бар-жоғы 61 болған.

Цифрландыру саласында, 2024 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің ресми сайтында чат-бот – виртуалды кеңесші жұмыс істей бастады. Ол азаматтарға тәулік бойы құқықтық ақпарат беріп отырады. Чат-бот алимент, сенімхат алу, соттылықсыздық туралы анықтама алу, неке бұзу, мұрагерлік рәсімдер мен басқа да өзекті мәселелер бойынша көмек көрсетеді. Сонымен қатар, бот оларды тиісті мемлекеттік органдарға, электронды қызметтерге бағыттайды.

Чат-бот іске қосылғалы бері қала тұрғындарымен алты ақпараттық кездесу өтіп, 4 751 адам құқықтық көмек алу үшін цифрлық көмекшіні пайдалануға бағытталды. Сайтқа 4 829 хабарлама келіп түсіп, оның 1 146-сы кері байланыс болды.

Цифрлық технологиялар мен халықпен белсенді жұмыс істеудің арқасында әділет саласы халыққа жақындап келеді.

Бөлісу: