Бостандық ауданында биылғы бірінші жарты жылдықта инвестиция 37%-ға, салық 21,1%-ға артты.

8 Шілде, 2025

Бостандық ауданы қала экономикасының басты қозғаушы күші болып қала береді. Биылғы алғашқы алты айдың қорытындысы бойынша аудан инвестиция, кәсіпкерлік, сауда мен салық түсімі жағынан тұрақты өсім көрсетті. Аудан инвестиция тартумен ғана шектелмей, шағын және орта бизнестің орталығы да болып қалды, деп атап өтті Өңірлік коммуникациялар қызметінде Бостандық ауданының әкімі Санжар Әлин.

2025 жылдың 5 айында негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі 175,5 млрд теңгеге жеткен, бұл былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 37,4%-ға артық (127,7 млрд теңге). Иинвестициялық саясат пен бизнес ахуалдың жақсаруының нәтижесінде осылай болды. Қазір қаладағы әрбір бесінші шағын және орта бизнес нысаны Бостандық ауданында тіркелген. Жыл басынан бері мұндай кәсіпорынның саны 5,3%-ға өсіп, 2024 жылғы 64 324-тен биыл 67 720-ға жетті..

Бөлшек саудада да едәуір өсім бар: сатылым көлемі 27,7%-ға артып, 528 млрд теңгеге жетті, өткен жылы ол 413,4 млрд теңге болған. Бөлшек сауда көлемі 6%-ға артып, 911,9 млрд теңгеге өсті (2024 жылы — 860,5 млрд теңге). Бұл өсім салықтың артуына әсер етіп, бюджетке түсетін салық 250 млрд теңгеден 302,8 млрд теңгеге дейін - 21,1%-ға артқан.

Ауданның 2025 жылға арналған бюджеті 30,1 млрд теңгені құрады, бұл былтырғы бюджеттен 1 млрд теңгеге көп (29,1 млрд теңге). Барлық негізгі экономикалық көрсеткіштің өсуі Бостандық ауданының жақсы дамып келе жатқанына дәлел бола алады.

Бөлісу: