Рок-балеттен Ұлы Далаға дейін: «Астана Балет» театры алматылықтарға мән-мағынасы терең, айшықты бағдарлама ұсынбақ

12 Мамыр, 2025

Астаналық театр алматылықтарға рок-балеттегі танго мәнеріндегі «Жыл маусымы» дейтін үлкен бағдарлама ұсынғалы отыр. Онда классика да, ұлтық хореография да, қазіргі балет пен симфониялық музыка да бар. Алматының өңірлік коммуникациялар орталығында өткен конференцияда осы концерттің жай-жапсары айтылды.    
 
 «Алматыға гастрольдің сапармен келетін «Астана балет» театрының қойылымы мамыр айының 10-18 аралығында «Almaty Theatre сахнасында өтеді. Бұл қаладағы үлкен мәдени жаңалық болғалы тұр. Бағдарламада – прьемералар, әйгілі қойылымдар, әлемге танымал өнер жұлдызы Ержан Құлыбаевтың өзі қатысатын симфониялық музыка кеші мен қазақ мәдениеті туралы елді елең еткізер спектакль да қойылмақ. 

«Алматы – біздің жолымыз түсетін ең бірінші қала. Біз сүйікті қаламызға жыл сайын келіп тұрамыз. Одан кейін Таразда, Ақтөбеде, Талдықорған, Павлодар мен Түркістанда болдық. Шетелге де шығып тұрамыз. Соңғы жылдары Женевада, Тбилисиде, Афина мен Анталияда да өнер көрсете бастадық. Сонымен бірге, біздің топ кішігірім құраммен Парижде, Дели мен Мумбайда да өнер көрсетіп қайтты», - деп қосты, Валерий Кузембаев.   

Гастрольдік сапар мамыр айының 10-11 күні өнерді модернмен, театр драматизмімен ұштастырған Кирил Радеевтің хореографиясындағы «Blind Forgiveness» дейтін қойылымымен ашылады. Арсений Смирновтың музыкасының демеуімен,  онда жан-дүниеңдегі арпалыспен күресу, кешіре білу сияқты ғибартты әңгіме айтылмақ. 

«Біздің театрдың ерекше шығармашылық статусы бар. Біз өзімізді ешқандай академиялық рамкамен шектеп тастаған жоқпыз. Репертуарымызда әртүрлі шығарма бар. Біз қазіргі заманғы болсын, модерн, ұлттық нақыштағы қойылым болсын, бәрін ала береміз. Соңғы жылдары қазіргі хореографияның шедеврі саналатын талай дүниені сахналап үлгердік. Кеше, арғы күндері өткен қазіргі рок-балет «Blind Forgiveness»-ті Алматыға әкелгеніміз де содан. Алматылықтар өте жақсы қабылдады оны», - деді, Валерий Кузембаев.

Мамырдың 13 күні көрермендер – қазіргі заманның ең әйгілі скрипка шеберлерінің бірі Ержан Құлыбаевтың симфониялық оркестрімен қауышады. «Жыл маусымындағы» Антонио Виальдидың классикасы мен аргентиналық маэстро Астор Пьяццолланың циклын орындайды онда. Ержан Құлыбаев замандастарына аты мәшһүр солист, Washington Award премиясының лауреаты, халықаралық байқаулардың жеңімпазы, әлемнің ең үздік сахналарында өнер көрсетіп, еліміздің атын шығарып жүрген жерлесіміз. 

«Алматыға гастрольдік сапармен бару – үлкен жауаптылықты талап етеді. Алматылық көрерменнің талғамы қандай екенін білеміз. Сондықтан осында келерде, біз бағдарламаны қызықты етіп даярлауға тырысамыз. Ержан Құлыбаев қатысатын симфониялық оркестрдің бағдарламасына келсек, Ержан бүкіл әлем білетін дарынды скрипка шебері. Ол өте қызықты бағдарлама алып келді осы жолы. Онда Пьяццолланың да, Вивальдидың да музыкасы бар. Көрермен жалықпас деп ойлаймын», - деді, «Астана Балет» театрының көркемдік жетекшісі Нұрлан Қанетов.

Мамыр айының 15-16 аралығында, театр Юрия Григоровичтің хореографиясындағы «Махаббат туралы аңыз» дейтін атышулы қойылымын ұсынбақ. Шарпысқан сезім мен терең ойдан тұратын бұл спектакль балет өнерін жаңа сатыға көтерген. Назым Хикметтің пәлсапалық пьесасын негізгі алған спектакльдың музыкасын Ариф Меликов жазып, визуальдық эстетика жағын Симон Вирсаладзе өңдеп шығыпты.  

Хореогорафия өнерімен қазақ мәдениетін насихаттап жүрген Қазақстанның өнер қайраткері Айгүл Тәтидің «Ұлы Даланың мұрасы» деген қойылымы мамырдың 18 күні осы гастрольдік сапардың соңғы нүктесін қояды. Этнографиялық образдар, қазақтың бірегей мәдениеті мен балет өнерінің ерекше қолтаңбасы ұштасқан осы спектакль «Астана балет» театрының ең үздік өнімі саналады. 

Қазақстан республикасының Мәдениет және Ақпарат министрлігінің қолдауымен өтетін бұл гастроль өнерді қадір тұтатындарға,  ұлтымыздың балет өнерін бағалайтындарға тосын сый болмақ.

Бөлісу: