Live
Алматы репродуктивті денсаулықты сақтау мәселесіне көңіл бөліп, жастардың дәрігерлік-әлеуметтік жәрдем алуын жеңілдетіп жатыр
12 Мамыр, 2025
Алматыда жастар денсаулығы орталығынан кеңес сұрағандар көбейіп, әйел адамдарды әртүрлі бағдарламаға тарту жағы еселеп өскен. Алматының денсаулық сақтау Басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Жадыра Ахметова өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен коференцияда осылай деп хабарлады.
«Репродуктивті денсаулықты қорғау – Алматының әлеуметтік саясатындағы ең маңызды сала. 2025 жылғы бірінші тоқсандағы мәліметке қарағанда, отбасын жоспарлау, дәрігерге қаралу мен жастармен жұмыс істеу мәселесінде үлкен ілгерілеу бар»,- деді, Жадыра Ахметова.
Спикердің ақпартына қарағанда, 2025 жылдың 1 сәуірінде Алматы тұрғындарының саны 2 348 096 адамға жеткен. Бұл 2023 жылғы сол уақытпен салыстырғанда 5,6%, 2024 жылғымен салыстырғанда 2,5% көп. Балалардың саны 2,5%, жасөспірімдер жағы 18%-ға өскен.
Әйел азаматтарды ана атануға даярлау жағына да көп көңіл бөлініп жатыр. Босануға әзірлік жағы 2024 жылғымен салыстырғанда 19,1%-дан биыл (жоспар – 48%) 50 %-ға өскен. Бұл әйелдердің дәрігерлік тұрғыда сауаты артып, профилактикалық іс-шаралардың нәтиже бере бастағанын көрсетеді.
«Прегравидарлық дайындықпен қамтудың артуы – аналар мен балалардың денсаулығына төнетін қауіп-қатерді азайтуға септігі тиетін маңызды қадам. Көрсеткіштің 2024 жылмен салыстырғанда 19,1%-дан 50,8%-ға дейін өсуі (жоспар – 48%) жаңа тәсілдердің сәтімен енгізіліп, медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырудың жақсарып, әйелдердің ақпараттану деңгейінің артқанын дәлелдейді», – деді, Жадыра Ахметова.
Сондай-ақ, Алматыда Жастар денсаулығы орталықтары (ЖДО) - жасөспірімдер мен жастар кешенді медициналық-психоәлеуметтік қолдау алатын мамандандырылған мекемелердің жұмысы да жанданып жатыр. Қалада қазір осындай 14 орталық жұмыс істейді. 2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша орталықтарға 25 мыңнан астам адам жүгінген, бұл өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда 66 % артық.
Сонымен қатар, көмек алатындар көбіне психологтарға (8627 рет), терапевтерге (6063), гинекологтар (5745) мен урологтарға (2225) қаралған.
Орталықтарда қазір 98 маман жұмыс істейді, олардың 60%-ның репродуктивті және психикалық денсаулық мәселелері бойынша арнаулы сертификаты бар. Бұл Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен стандарттарға толық сәйкеседі.
«Алматыда репродуктивті денсаулықты қорғауға бағытталған бастамалар медициналық көмекті ғана емес, сонымен бірге білім беру, ағарту мен психоәлеуметтік саланы да қамтыған. Мұндай қадамдар халық денсаулығын нығайтуға, ата-ана мәдениетін қалыптастырып, қала тұрғындарының өмір сапасын арттыруға ықпал етеді», – деп түйіндеді спикер.