2022 жылдың басынан бері Алматыда 54 балабақша ашылды

29 Шілде, 2022

Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаеваның мәліметі бойынша, бүгінгі таңда 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 71,8%-ы, ал 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 92%-ы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында жаңа 2022-2023 оқу жылына дайындық барысы мен балабақшалардың жұмысына да тоқталды.

Ләззат Жылқыбаеваның мәліметі бойынша, бүгінде Алматы аумағында 866 балабақша жұмыс істейді. Оның 193-і мемлекет меншігінде.

«Біз балабақшалардағы кезекті қысқарту бойынша кешенді шараларды қолға алып жатырмыз. Мәселен, бірінші жартыжылдықта Алматыда 3 316 орынды 54 жаңа жекеменшік балабақша ашылды. Жыл соңына дейін 2 мыңнан астам орынды 15 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымды ашып, 280 орынды мемлекеттік балабақшаны пайдалануға беру жоспарлануда», - деп мәлімдеді Л.Жылқыбаева.

Сонымен қатар, биылғы жылы 5 227 орынды жекеменшік балабақшаларға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурс өткізілді. Барлығы 573 жеке мектепке дейінгі ұйымдарда 35 698 орынға мемлекеттік тапсырыс жүзеге асырылуда.

Брифинг тақырыбының жалғасы барысында білім басқармасының басшысы журналистерге берген сұхбатында орта білім беру саласы 300 мыңнан астам оқушы оқитын 298 мектепті қамтитынын айтты. Балабақшалардағыдай мектептерде де орын тапшылығы байқалады, ол бүгінде 19 мыңнан астам орынды құрайды.

Айта кетейік, өткен жылы тапшылық 33 мың орыннан асқанымен, 33 білім беру нысанын іске қосудың арқасында тапшылық екі есеге жуық азайды. Қалқаман, Саялы, Томирис шағын аудандарында 5 100 орындық үш мектеп салынды, сондай-ақ 17 мектеп кеңейтілді (№ 6, 34, 38, 43, 57, 60, 102, 117, 121, 132, 133, 144, 166, 170, 177, 186, 199). Жеке инвестициялар есебінен 2 656 орындық 13 жекеменшік мектеп ашылды.

Жыл соңына дейін 13 820 орындық 18 орта білім беру нысанын іске қосу жоспарлануда. Бұл шағын ауданда 7 500 орынды 5 мектеп. Қалқаман-2, Қайрат, Дархан, Мәдениет, Нұркент. №48, 191, 125, 146, №9 мектептері кеңейтіледі, соның есебінен қосымша 1 270 орын пайда болады. Бостандық және Наурызбай аудандарында 1 800 орындық екі ғимарат сатып алынады және жеке инвестициялар есебінен 3 250 орынды 6 мектеп ашылады.


Ләззат Жылқыбаева Алматыда сәулеттік келбет пен қала құрылысын қалыптастыру қағидалары әзірленгенін, оған сәйкес көпқабатты тұрғын үй кешендерін салу үшін халықтың болжамды тығыздығын ескере отырып, жаяу қашықтықта мектептердің міндетті түрде болуы талап етілетінін еске салды.

«Бұл шаралар қала әкімдігіне құрылыс салушылармен 13 055 орынды 11 мектеп пен 5 мектеп қосымшасының құрылысы бойынша меморандумдар жасауға мүмкіндік берді», - деп қорытындылады ӨКҚ спикері.

Бөлісу: