Live
31 қазан сағат 11:00-де Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Халықаралық олимпиада жеңімпаздарының қатысуымен» баспасөз-конференциясы өтеді.
Құрметті БАҚ өкілдері!
31 қазан сағат 11:00-де Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Халықаралық олимпиада жеңімпаздарының қатысуымен» баспасөз-конференциясы өтеді.
Спикерлер:
– халықаралық физикалық олимпиаданың (IPhO) күміс жүлдегері, «Мирас» халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы Бисимби Досжан.
– халықаралық физикалық олимпиаданың (IBO) қола жүлдегері, «Галакси» халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы Амангелді Ислам.
– «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының директоры Кәрімғажы Гүлнұр Нұрланқызы.
– №165 мамандандырылған лицейінің директоры Баеков Ербол Сейітұлы.
– №165 мамандандырылған лицейінің физика пәнінің мұғалімі, физика пәні бойынша халықаралық олимпиаданың күміс жүлдегерінің жетекшісі Соколов Василий Васильевич.
Аккредиттеу мен баспасөз конференциясының тақырыбына қатысты сұрақтарды (Брифинги РСК Алматы) WhatsApp чаты арқылы 30 қазан сағат 16:00-ге дейін жолдауларыңызды сұраймыз.
Көрсетілім: ӨКҚ-нің Facebook-тегі ресми парақшасында.
Сілтемесі: facebook.com/rsk.almaty02