Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне келген көрермендердің үштен бірі – туристер

10 Тамыз, 2025

Бүгін Қазақстанның мәдени астанасы Алматы әлемдік музыкалық сахнаның бір бөлігіне айналуда. 8 мыңнан астам турист көптен күткен Up All Night әлемдік туры аясындағы Дженнифер Лопестің концерті үшін арнайы қалаға келді. Алдын ала мәлімет бойынша көрермендердің үштен бірі жер шарының әр түкпірінен келген қонақтар. Бұл Алматыны әлемдік музыка индустриясының жаңа орталықтарының біріне айналдырды.

Концерт билеті толықтай сатылып кеткен. Оларды 35-тен астам елдің тұрғындары сатып алған. Негізгі қызығушылық ТМД, Еуропа, АҚШ, БАӘ, сондай-ақ, Канада, Түркия, Жапония, Қытай және Оңтүстік Кореядан байқалды. Бұл іс-шараның халықаралық маңызын айқындап, Алматының аймақтың жаңа мәдени астанасы ретіндегі мәртебесін күшейтті.

Туристер арасында Қырғызстан, АҚШ, БАӘ, Германия, Түркия, Ұлыбритания, Франция, Латвия, Испания, Беларусь, Грузия, Әзірбайжан және Ауғанстаннан келген жанкүйерлер бар. Сонымен қатар Канада, Швейцария, Қытай, Польша, Сауд Арабиясы, Мексика, Катар, Финляндия, Швеция, Дания, Литва, Румыния, Чехия, Украина, Сингапур, Нидерланд, Эстония, Замбия, Таиланд және т.б. көптеген елден қонақтар келмек.

Шетелдік туристер Алматыда орта есеппен 3–5 күндей болады және осы уақыт ішінде 1 500 долларға дейін жұмсайды. Бұл қаражат қонақүйлерге, мейрамханаларға, көлік қызметіне, экскурсияларға, саудаға және басқа да қызметтерге кетеді. Мұндай іс-шаралар әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлерді біріктіріп қана қоймай, туризмнің дамуына серпін беріп, Алматының жетекші мәдени және гастрономиялық астана ретіндегі имиджін нығайтады. Сондай-ақ, қаланың негізгі экономикалық салаларындағы іскерлік белсенділікті арттырады.

Келген қонақтардың бірі Мәскеуден арнайы ұшып келген Яна:
— «Бұл концертке қатысу мен үшін үлкен қуаныш. Сіздердің қалаларыңыз тамаша, көрікті орындар, тау, керемет асхана. Мұнда бәрі ұнады, бұл кеш менің есімде ұзақ сақталады», — дейді ол күлімдеп.

Алматыдағы концерт қазақстандық жанкүйерлердің өтініші бойынша турға енгізілген және қаланың әлемдік музыкалық индустриядағы жаңа орталық ретіндегі мәртебесін нығайтады.

Бөлісу: