Live
Алматы əкімдігі əлеуметтік осал азаматтар үшін тарифтердің өсуін өтейді
17 Қаңтар, 2025
Алматының əлеуметтік осал тұрғындарының қолдау арқылы жаңғырту қадамы
Қолданыстағы төлем жүйесі коммуналдық қызметтерге тарифтердің өсуін толығымен жабады. Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов мəлімдеді.
Тарифтердің өзгеруі Алматы қаласындағы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Департаментімен бекітілгенін атап өткен жөн. Өз кезегінде қала əкімдігі ХƏОТ үшін өтемақы қарастырды.
2023 жылғы шілдеден бастап іске асырылатын «Тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасы шеңберінде əлеуметтік осал азаматтардың тоғыз санатын қамтитын өтемақы алгоритмі енгізілді. Оларға ардагерлер, мүгедектер, көп балалы отбасылар, зейнеткерлер жəне қолдауды қажет ететін басқа санаттар жатады. Бүгінгі таңда əлеуметтік төлем мөлшері 0,8 АЕК немесе 3 146 теңгені құрайды. Төлем алушылар саны-141,7 мың адам, көрсетілген көмектің жалпы сомасы – 5,4 млрд.теңге.
Өз сөзінде Бауыржан Жаубасов коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту қажеттілігіне жəне тарифтердің сөзсіз өсуіне қарамастан, қала үшін халықтың əлеуметтік осал санаттарын қолдау басымдық болып қалатынын атап өтті.
«Айлық есептік көрсеткіштің жыл сайынғы 6,5% – ға өсуін ескере отырып, ХƏОТ-ты қолдау үшін қолданыстағы əлеуметтік төлем тарифтердің ағымдағы өсуін толығымен жабады жəне қолданыстағы ережелерге сəйкес аудан əкімдіктері көрсететін болады», - деп атап өтті спикер.
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Алматыда ХƏОТ-қа жататын 339 849 азамат тұрады, олардың ішінде:
ҰОС ардагерлері-38 адам; көпбалалы отбасылар-41 992 адам; мүгедектігі бар адамдар-29 456 адам; зейнеткерлер - 252 528 адам.
Естеріңізге сала кетейік, « Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап Алматыда сумен жабдықтау жəне су бұру қызметтері бойынша тарифтерге өзгерістер енгізілетін болады. Бұл шаралар қосымша қаражат тартуға, желілердің тозуын азайтуға, апаттылықты азайтуға жəне қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған.