Live
Светлана Романовская: «Біз ұялы байланыс операторлары қызметінің сапасын тексере алатын тәуелсіз сараптама құру мәселесін көтеріп жатырмыз»
18 Қараша, 2023

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңына «Ұлттық тұтынушылар лигасы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Светлана Романовская шақырылды. Ол сотта ұялы байланыс сапасы сәйкес келмейтінін айғақтар арқылы дәлелдеуге болатынын айтты. Ол үшін ұялы байланыстың сапасыз екенін оны басқа телефон арқылы видеоға түсіріп алып, ол ақпараттың бәрін нотариалды тұрғыда бекітіп, оны кейін сотқа дәлел ретінде ұсынуға болады.
«Мәселе мынада, бізде ұсынылатын ұялы байланыс пен интернет қызметтерінің сапасын тексеретін тәуелсіз сараптама жоқ. Алматылықтар ғана емес, қазақстандықтар да жиі шағымданады. Ватсап немесе телеграмм желілеріне қарағанда ұялы байланыс арқылы қоңырау шалу қиынырақ болатын кездео бар. Біз бұл мәселені көтеріп келеміз, тәуелсіз сараптама жоқ, сот прецеденттері болмайды. Шағымдар бойынша біз медиативтік тәртіппен келісімдер жасаймыз. Ұялы байланыс операторлары моральдық зиян ретінде тікелей тұтынушыға ақшаны қайтарған мысалдар бар, өйткені адам ауырып жатқан анасына хабарласа алмаған. Тұтынушылар негіздей алды. Бұл үлкен сома емес еді, бірақ соған қарамастан», - деп түсіндірді Светлана Романовская.