Алматыда қоқыс жинауға арналған 8 мыңнан астам контейнер орнатылды

5 Тамыз, 2022

Алматылықтар қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) жинау және шығару қызметтерімен толық қамтамасыз етілген. Бұл қызметтерді 25 қоқыс шығарушы ұйым ұсынады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Сергей Герасименко мәлімдеді. 


Спикердің айтуынша, коммуналдық қалдықтарды жинау үшін 1454 контейнер алаңы бар, онда 8 003 контейнер орнатылған. 


«Барлық жиналған қалдықтар сұрыпталатын қоқыс сұрыптау кешеніне шығарылады және одан әрі өңдеуге және көмуге жіберіледі», - деді Сергей Герасименко.

Егер қоқысты жинау және шығару мәселесі шешілсе, оны қайта өңдеу Қала үшін сын-тегеурін болып қала береді. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында әкетілген қалдықтардың көлемі 203 мың тоннаны құрады, қайта өңделгені - 33 мың тонна, қайта өңдеу үлесі - 16,6% құрайды. 


Экология және қоршаған орта басқармасының өкілі хабарлағандай, ҚТҚ өңдеу қазіргі уақытта қажетті көлем мен сапада аз жүзеге асырылады. Қалдықтарды қайта өңдеу бойынша көрсеткіш тек 17% - ды құрайды. Қалдықтардың қалған 83%-ы полигонға көмуге жіберіледі, басқаша айтқанда, олар жай жерге көміледі. ҚТҚ-ны терең өңдеу бойынша қуаттар жоқ, олардың есебінен полигонға көмуге жіберілетін қалдықтардың көлемін қысқартуға болады. 


Спикер ұзақ мерзімді дамудың шеңберінде 2030 жылға дейін қайта өңдеу тереңдігін тағы 30-40%-ға арттыру үшін RDF (Refuse-derived fuel) отын өндіру зауытын салу жоспарланғанын хабарлады. 


2025 жылға дейін қабылдау орындарының санын 100 бірлікке дейін, торлы контейнерлерді 3000 бірлікке дейін, қайталама шикізатты жинауға арналған экоқораптардың 2025 жылға дейін ҚТҚ шығару жөніндегі барлық 25 қоқыс шығарушы ұйымның арнайы техникасына арналған диспетчерлеу жүйесінің 3000 бірлігіне дейін ұлғайту жоспарлануда.

Бөлісу: