Live
Ерлан Көкеев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
17 Наурыз, 2026
Ерлан Көкеев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтап, барлық анаға арнап «Ана» атты жаңа ән сыйлады.
QALA VISION жобасының жаңа шығарылымында музыкант, ақын және жазушы Ерлан Көкеев өміріндегі ең қымбат жандар — анасы, жары мен қыздары туралы жылы естелікпен бөліседі. Ол олардың әрқайсысы өміріне жарық пен қуаныш сыйлайтынын, махаббат, қамқорлық пен қолдау арқылы келетін үлкен-кіші бақыт сәттері жайлы әңгімелейді. Ерланның естеліктері жүзге күлкі сыйлап, жүрекке әсер етіп, шынайы бақыт — сүйікті жандарыңның бақытын көру екенін еске салады.
Шынайы құттықтау, нәзіктік пен әйелдерге деген құрметке толы бұл шығарылым жүректеріңізді жылытып, шабыт сыйлайды!