Live
Әнші әрі қоғам қайраткері Алма Аманжолова Алматыда референдумда дауыс берді
15 Наурыз, 2026
Алматыда жалпыхалықтық референдумға әнші әрі қоғам қайраткері Алма Аманжолова қатысып, дауыс берді. Ол өзі тіркелген референдум учаскесіне келіп, таңдау жасады.
«Референдумға қатысу — әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін сезінуі. Әрқайсымыз өз дауысымыз арқылы мемлекетіміздің даму бағытын айқындауға үлес қосамыз», — деді Алма Аманжолова.
Еске сала кетейік, 15 наурыз күні Қазақстанда жаңа Конституция жобасына қатысты республикалық референдум өтіп жатыр. Алматыда референдум өткізу үшін 653 учаске ашылып, олар сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.