Алматыға алып кесіртке алып келді

13 Наурыз, 2026

Алматы хайуанаттар бағы сирек кездесетін жануарлармен толықты. Енді хайуанаттар бағына келушілер Сальвадор кесірткелерін көре алады. Бұл бауырымен жорғалаушының отаны – Жаңа Гвинея. Табиғатта ол әлемнің басқа жерінде кездеспейді. 

Сальвадор кесірткесі (Varanus salvadorii) кей елдерде артеллия, кабарагойя немесе «қолтырауын кесірткесі» деген атаулармен де белгілі. Ол ірі дене бітімімен, ұзын әрі қуатты құйрығымен және қолтырауын терісіне ұқсас ерекше қабыршақты терісімен ерекшеленеді.

Он жастан асқан кесірткелер жұбы Индонезиядан жеткізілген. Қазір олар жаңа ортаға бейімделіп үлгерді.

«Бауырымен жорғалаушылар зообағымызда өздерін жақсы сезінуде. Олар табиғи мекен ету ортасына барынша ұқса…
 

Бөлісу: