Live
Жанна Нұрсейітова — «Наркостоп» жобасының әлеуметтік инвесторы әрі PR-маманы, QALA VISION подкастының жаңа шығарылымының қонағы.
4 Ақпан, 2026
Бұл шығарылымда қалалық билік бастамалары, қоғамдық ұйымдар мен еріктілердің нақты тандемде қалай тиімді жұмыс істей алатыны туралы әңгімелейміз. Жанна «Наркостоп» жобасының қалыптасу тарихы туралы айтып, алғашқы кездесгі қиындықтардан, қателіктерден қалай сабақ алғанын және тұрақты көмек жүйесін құруға қандай білім мен тәжірибенің көмегі тигенін баяндайды.
Сондай-ақ жастар арасында есірткінің таралуының алдын алу және профилактикасы, тәуелділігі бар адамдарды қолдау, мұқтаж жандарға көрсетілетін психологиялық және құқықтық көмек мәселелері талқыланады. Бұл — қаланы да, адамдардың өмірін де өзгертіп жатқан тиімді қалалық бағдарлама.