Алматыдағы азық-түліктің бағасын бақылап қайтқандағы көрген-түйгеніміз

13 Қаңтар, 2026

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің мамандары қаладағы ең үлкен базар мен супермаркеттегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын бақылап қайтты. 

Қосылған құн салығының мөлшерлемесі 12%-дан 16%-ға көтерілгеніне қарамастан, ең керекті тауарлардың бағасы өспеген. Нан, жұмыртқа, көкөніс, сүт өнімі, қант пен сұйық майдың бағасы сол қалпы. Базардағы сатушылар да азық-түліктің аса көп қымбаттамағанын айтты.

Бөлісу: