Алматы-1 теміржол вокзалындағы алаң қоғамдық кеңістікке айналады

23 Шілде, 2025

Алматы-1 теміржол вокзалы маңындағы алаңқайды кешенді абаттандыру жобасы басталды. Бұл - қаланың кіреберісі. Жаңарту жұмысы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, жаңа, қауіпсіз әрі жайлы қоғамдық кеңістік құруға бағытталған. Бұл жоба қала тұрғындары мен қонақтарына жайлы орта қалыптастыруды көздейді. Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров баспасөз туры барысында вокзалдың маңындағы осы аумақтың қалай өзгеретінін таныстырды.   

Сейфуллин даңғылының бойында орналасқан бұл көше қаланың төрт ауданын жалғайтын негізгі көлік артериясы саналады. Алматыға келген туристер мен қонақтар қаламен дәл осы арада танысады. Ол жерден алған әсеріне қарай Алматы туралы көзқарасы қалыптасады сосын.  Түрксіб ауданының әкімдігі бұл аймақ сондықтан Алматы туралы ең жақсы әсер қалдыратын алаңқайға айналуы керектігін атап өтті. 

Жоба аясында  бұл жерді көгалдандырып, газон, ағаш пен бұта егеді жолдың бойына. Көшенің өн бойында оңаша жерлер жасалды. Автоматтандырылған суару жүйесі орнатылып, санитарлық жұмыстар жүргізіліп, ағаштарды бұтап, қураған өсімдіктерді тазартып, орнына жаңасын екті. Кіші сәулет нысандары — орындықтар, қоқыс жәшіктері, декоративтік элементтер боялып, жаңартылды. Сонымен қатар скверге тақырыпқа сай арт-нысандар орнату мүмкіндігі де қарастырылып жатыр. Вокзал маңындағы алаңқай Түрксіб ауданындағы жаңа демалыс орнына айналмақ сөйтіп. 

«Бірнеше ай бұрын бұл жердің жабынын ауыстыруды бастадық, себебі күйі кетіп қалған болатын, тұрғындардан шағым да түсе бастады. Біз жабынды ауыстырып, суару жүйесін орнатып, көгалдандырып шықтық. Жалпы бұл жұмысты Алматы-1 вокзалы маңындағы барлық аумақпен қабаттастырып жүргізіп жатырмыз. Яғни, вокзалға іргелес көшенің бәрі абаттанып жатыр осылай. Сонымен қатар, осы аудан бөлігінде біз жеке рекреациялық аймақ салып, жаяу жүргіншілер көшелерін жасақтап жатырмыз. Кунгурская көшесі қараусыз қалған. Бұл жерге көбіне таксистер көлігін қойып кететін. Қазір оны жаяу жүргіншілерге арналған көше қылып, аудандағы шағын Арбат жасауды көздеп отырмыз», – деді Бақытжан Ақжаров.

2025 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Түрксіб ауданы тұрғындарынан 625 ұсыныс келіп түсті. Дауыс беру нәтижесінде жалпы сомасы 2 миллиард теңгені құрайтын 32 жоба таңдап алынды. Оның ішінде: 10 жаяу жүргіншілер аймағы, 8 балалар және спорт алаңшасы, 5 автоматты суару жүйесі, 4 көше жарықтандыру жобасы және өзге бағыттар бойынша 5 бастама бар. Барлық жұмысы 2025 жылдың қазанына дейін аяқтау жоспарланған.

«Біз қараусыз қалған бос жерлерді алып, оларды сквер, саябақ, демалыс аймағы форматында абаттандырып жатырмыз. Адамдар қай жолмен көбірек жүретінін байқап, сол бағыттарды да ретке келтіреміз», – деді аудан әкімі. 

Бөлісу: