«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының аясында Алмалы ауданы үлкен жобаларды жүзеге асыруға кірісті

1 Шілде, 2025

Алматы қаласының Алмалы ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы жақсы қарқынмен іске асып жатыр. Бұл бағдарламаның мақсаты - тұрғындарды ауданның инфрақұрылымын жақсартуға тарту. 2025 жылы 45 жоба жүзеге асырылмақ, олардың жалпы сомасы шамамен 2 миллиард теңге болады. Олар: 23 - аулаларды жөндеуге, 18 - саябақтар мен скверлерді абаттандыруға, 4 - аулаларды көгалдандыруға байланысты жобалар. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алмалы ауданының әкімі Арман Шамшин осылай деп мәлімдеді.

Қазір Шагабутдинов, Қабанбай батыр, Төле би, Панфилов, Шарипов, Әуезов және Желтоқсан көшесі секілді жеті нысан жаңартылған. Бағдарлама азаматтық белсенділікті арттырып, ауданның тұрғындары үшін жайлы орта қалыптастыруға ықпал етпек. Сонымен қатар, Алмалы ауданында инженерлік желілер де жаңартылып жатыр. Оқыс оқиға болып, тоқ өшіп қалмас үшін біраз көшеде ескі құрылғылар да ауыстырыла бастады.

Алмалы ауданындағы жылу жүйелерінің 62% тозып, су құбырының73%, кәріз жүйесінің 80% ескіріп тұр. Соның кесірінен жыл басынан бері 266 оқыс оқиға тіркелген. Осыған жауап ретінде аудан инженерлік инфрақұрылымды белсенді түрде жаңартып жатыр. Су құбырының 1,6 шақырымдық желісін қайта құрып, 10 көшенің бойына кәріз жүйесі салына бастады.   12,3 шақырым жылу желілері мен 4,4 шақырым электрмен жабдықтау желісінің құрылысы жүргізіле бастады. Қыркүйек айына дейін асфальттау мен жол төсемін қалпына келтіру жұмыстары аяқталып қалмақ.

Бөлісу: