Live
Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі «Алматы қаласының әлеуметтік- экономикалық дамуы» тақырыбын ең үздік қозғаған қалалық және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының арасында байқау жариялайды.
11 Маусым, 2025
Байқауға 2025 жылғы 1 қаңтар мен 20 маусым аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар қабылданады.
Өтінімдер мен материалдар - 2025 жылғы 20 маусымға дейін (қоса алғанда) қабылданады.
Байқаудың номинациялары:
Үздік сараптамалық журналист
Үздік шолушы
Үздік радио репортаж
Үздік телесюжет
Үздік телерепортаж
Жаңалықтағы үздік материал
Баспа басылымындағы үздік материал
Онлайн басылымдағы үздік материал
Үздік подкаст
Үздік фототілші
Үздік оператор
Әлеуметтік желідегі үздік материал
Әлеуметтік маңызы бар үздік материал
Алматыдағы әулет жайлы үздік материал
«Алматы мәдениеті» – мәдениет, өнер мен дәстүр тақырыбындағы үздік материал
«Алматылықтар мен қаланың қаһармандары» – қала тұрғындары туралы үздік материал
Технология мен инновация тақырыбындағы үздік материал
«Сандар сөйлейді» – инфографика мен деректер негізінде жасалған үздік материал
Қаланың өзекті мәселелерін ашық көрсеткен материал
Үздік фоторепортаж
Қатысуға қажетті құжаттар мен мәліметтер:
- Автордың аты-жөні
- БАҚ атауы
- Материалдың электронды нұсқасы және/немесе сілтемесі (бір үміткерден 3 материалға дейін қабылданады)
- Номинация атауы
📧 Өтінімді мына электрондық поштаға жіберіңіз: rskalmaty.info@gmail.com
✉ Хаттың тақырыбы: «Байқауға қатысуға»
📞 Байланыс телефоны: +7 706 633 7852
🏆 Номинацияның әр жеңімпазы марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталады.