Live
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай алматылық төртінші сынып оқушысы Ержан Меделқанов ата-аналары мен мұғалімдеріне үлкен сыйлық сыйлады
30 Мамыр, 2025

Халықаралық балалар күнінің қарсаңында алматылық Ерхан Меделханов ата-анасына тосын сый жасады. АҚШ-тың Калифорния университеті ұйымдастырған, Қазақстанда өткен "MathXel" олимпиадасында Ерхан математикадан алтын медаль ұтып алды.
Талантты бала қазір енді олимпиаданың Лос-Анджелесте өтетін келесі кезеңіне даярланып жатыр. Маусым айында жеңімпаздар оған жақ-жақтан келіп қатыспақ.
Ерхан Меделханов:
«Маусымның бірі не отызына отызына таман Лос-Анджелеске ұшқалы отырмын. Ол жаққа барып қайтуды бұрыннан армандайтынмын»
Мәдина Бүркітбаева – Ерхан Меделхановтың анасы
«Біз халықаралық деңгейдегі мұндай жарысқа бірінші рет қатысып отырмыз. Орын алып жатса, қуанасың ғой, әрине. Орын алмаса да – олимпиада оған мотивация берер деп ойлаймыз»,- дейді, анасы Мәдина Бүркітбаева.
Олимпиаданың іріктеу кезеңі барлық елде өткен. 3 пен 11 сынып оқушылары онда математикадан, робототехникадан, ойлау қабілеті мен сурет салудан өзара сайысқа түсті. Есеп шығарудан бөлек, Ерхан шахмат ойнап, робототехникамен де әуестенеді. Болашақта адамдарға пайдасы тиер үлкен өнертабыс ойлап тапқысы келетінін айтты жас математик.