Live
Алматыда 1 маусым күні балалар метромен тегін жүре алады
30 Мамыр, 2025
.jpeg)
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 1 маусымда Алматыда 14 жасқа дейінгі балаларға метромен тегін жол жүру ұсынылады.
Бастама осынау ерекше мейрам күні балалары бар отбасыларды қолдауға бағытталған. Күні бойы тегін жол жүруге болады — метрополитеннің ашылған сәтінен бастап және станциялар жабылғанға дейін.
«Алматы қ. Метрополитен» КМК